№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азаматтарының төлем қаблеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңы бойынша семинар өткізілді

Азаматтарының төлем қаблеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңы бойынша семинар өткізілді



Жаңақорған аудандық сотында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңының кейбір ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы, судьясы, кеңсе қызметкерлері, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының маманы Қ.Мусаев, заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары Ж.Сайфулмаликов, Г.Увайдаева, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Р.Әзілхан қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік кірістер басқармасының маманы Қ.Мусаев өз сөзінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін негіздері, борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызы, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану, соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату, соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді міндеттемелерден босатуы жайлы атап айтты.
Өз кезегінде аудандық соттың төрағасы А.Тубекбаева жаңа заң бойынша төлем қаблетілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімен қолдану туралы арыз беру үшін негіздер, борышкердің төлем қаблеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызы, төлем қаблеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау, төлем қаблеттіліген қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғаудың салдары, төлем қаблеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы шешім, төлем қаблеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін тоқтату, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімі жайлы түсіндірді.
Шара барысында қатысушылар жаңа заңнама аясында туындаған сұрақтарын ортаға салып, өзара пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Семинарды қорытындылап, қатысушыларға алдағы уақытта осы бағытта азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыру қажет екендігін айтты.

                                                                                                          Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
30 наурыз 2023 ж. 201 0