Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 538

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Республикалық маңызы бар жолдарда ауыр жүк көліктерінің жүруіне уақытша шектеу қойылады

Республикалық маңызы бар жолдарда ауыр жүк көліктерінің жүруіне уақытша шектеу қойылады



Қызылорда облысында 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынла жүктемесі 8 тоннадан артық ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекция басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Пірназарова хабарлады.
«Біздің өңір 5 жол-климаттық аймаққа жататындықтан бұл шектеу жыл сайын 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында жүргізіліп келеді. Қаулы «ҚР автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» бұйрығы арқылы бекітілген. Алайда жолаушылардың халықаралық тасымалдары, төтенше жағдайлар департаментінің көліктік техникалары,  азық-түлік тасымалдайтын жүк көліктер, дәрі-дәрмек тасымалы, ҚР Қарулы күштері және әскери қызметтің көліктеріне аталған шектеу қойылмайды. Дегенмен ерекше ескеретін жайт, республикалық маңыздағы жолдарда өтетін ауыр жүк көліктері белгіленген салмақтық параметрінен  асқан жағдайда № 162 бұйрықта көрсетілген ережеге сәйкес айыппұл салынатын болады. Сонымен қатар алым соммасы салмақтық көрсеткіштер негізінде алынып есептеледі», - деді Гүлмира Жұмағалиқызы.
04 наурыз 2023 ж. 544 0