Соңғы жаңалықтар

№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылордада екі мыңға жуық көлік онлайн рәсімделді

Қызылордада екі мыңға жуық көлік онлайн рәсімделді



Егер сіз автокөлікті сататын, немесе сатып алатын болсаңыз оны онлайн рәсімдеудің екі жолы бар. Көлік өз атыңызда болса egov.kz порталы арқылы мәселеңізді жедел шеше аласыз. Ол үшін ЭЦҚ арқылы порталға кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөлімі арқылы қызметке тапсырыс бересіз. Бұл сіздің небары 10-15 минут қана уақытыңызды алады.
Ал, екінші жол – ол бәріміз қолданатын Kaspi.kz қосымшасы. Қосымша ішінде «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі арқылы көлік құралын рәсімдеуге болады. Осы қосымша арқылы Мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, Астана көшесі 46 мекен-жайында орналасқан Цифрлық кеңседен көліктің құжаты мен мемлекеттік номерін ала аласыз.
Аймақта жыл басынан бері 4 732 көлік құралы бойынша тіркеу және тіркеуден шығару қызметі көрсетілген. Олардың ішінде 48 көлік egov.kz порталы арқылы, 1936 көлік Kaspi.kz қосымшасы арқылы рәсімделген. 
13 ақпан 2023 ж. 156 0