№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Азаматын көріп, ауылын таны

Азаматын көріп, ауылын таны

Шалқия кентіндегі №86 мекткепте Тәуелсіздік күніне орайластырып тағылымды кездесу өтті. Аудандық полиция бөлімінің аға анықтаушысы Бақытжан Құнанбайұлының оқушылармен еркін форматта өткен кездесуде патриотизм тақыры арқау болды.
Бұл кездесуге Бақытжан Абжаловтың таңдалуы кездейсоқтық емес. Ол кеншілер шаһарында туып, сонда білім алып, өмірді танып, елге қызмет етудің жолын айқындайды.Биыл Қарағанды қаласындағы Б.Бейсенов атындағы академиясында тергеу, анықтау криминалист мамандары арасында өткен республикалық байқауда Сыр елінің абыройын асырып, «Үздік анықтаушы» атанды.
Өз ісінің кәсіби маманы:
– Әкеден тәлім, тағылым алып, ер жеттік. Әкеміздің берген бағыт-бағдары бізге өмірлік жолда бағдаршам болды. Жұмыс барысында түрлі қиындық қатар жүреді. Сондай қиындықтарда ерік-жігерді шыңдап, біліктілігімді арттырып, алға ұмтыламын, – деді.
Кездесу барысында Бақытжан Құнанбайұлы оқушыларға алға биік мұрат-мақсат қойып, оған жетуде еңбектену мен ізденудің маңызы жан-жақты түсіндіріп берді.Кейіпкеріміз мектеп мұғалімдерінен алған саналы білімі мен тәлімді тәрбиесі өзіне шуақ болғанын айтып, ұстазды құрметтеп, оның айтқан әрбір ақыл-кеңесін ұстанудың маңызын атады.
Бақытжанның әріп танып, сауатын ашқан ұстаз Мәдина Омарова:
– Біздің Бақытжан оқушы кезінде өте зеректігімен көзге түсіп, сыныпта жетекші (староста) болды. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, көзінде оты бар бала еді, – деп еске алды.
Мектеп директоры Ақтұйғын Қабылбайқызы жастардың рухын асқақтатып, елшілдік қасиетін қалыптастыруда мектеп түлектерімен кездесу өткізіп, оларды жастарға үлгі етуі құптарлық іс.
Осындайда аудан әкімі Руслан Рүстемұлының: «Тәуелсіздік жылдарында халықтың құрметіне бөленген ел ағаларын жастарға дәріптеп, болашақ жасөспірімдерге тәрбие-тәлім беру керек» деген сөзі ойға қонады.
13 желтоқсан 2022 ж. 149 0