» » » «Адалдық кітапханасындағы» кездесу

«Адалдық кітапханасындағы» кездесу

Бүгін департамент басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасында орналасқан «Адалдық кітапханасының» жұмыс барысымен танысты.

«Адалдық кітапханасы» жастарды парасаттылыққа баулып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жоғары мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашықтық, адалдық принципіне негізделген.
Сонымен қатар, бұл кітапхананың басты ерекшелігі - кітапханашысы және қызмет көрсететін адамдардың жоқтығында. Ал кітапханаға келушілер тек қана тіркеу журналын пайдаланады.
Шара барысында Бақытжан Мақсұтұлы - кітапхананы ашудағы мақсат - қоғамда сенім білдіру атмосферасын қалыптастыру екендігін атап, бұл факторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің пайда болуына тікелей әсерін тигізетіндігін хабарлады.
29 қаңтар 2021 ж. 987 0