Қаратөбе ауылының үздік оқушысы абырой биігінде
Биылғы балалар жылына орай қыркүйек айының 14- ші жұлдызында аудан орталығында орналасқан №110 мектепте 2 турдан тұратын кең көлемді, ауқымды іс шара болып өтті. "Балалар әлемі" шеңберінде республикалық байқауда әр сыныпқа белгілі тақырып, әдеби шығармалар берілді. Оның ішінде 9-10 сынып «Ұлы дала жырлары» бойынша өнер көрсету берілді. Аудан көлемінде болған сайысқа 150 оқушы қатысып, өздерінің бақтарын сынады. І. Есенберлиннің "Алмас қылыш" романы мен Д .Дефоның" Робинзон Крузо" шығармасы бойынша Қаратөбе ауылы №229 орта мектебінің оқушысы Қуандық Алтынай көпшіліктің көңілінен шығып 1 орынмен марапатталды. Үмітті ақтаған үздік шәкірт 10- сыныптың дарынды оқушысы, мектеп мақтанышы. Ұстаздың сеніміне селкеу түсірмей аудандық деңгейде биіктен көрінгенАлтынай облыстық сайыстан да 1 орынды қанжығасына байлап келді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбуова Гүлдерай апайымыз алтын ұяда 23 жылдық мол тәжірибесі бар ұлағатты ұстаз. Шәкірттеріне сөйлеу, оқу өнері жайында жан-жақты мәлімет бере отырып, сөз өнері мен сөйлеудің әдіс-тәсілдерін, техникаларын жетік меңгертіп , дұрыс дем алу, дауыс сапасын дамыту жолдарын көрсету бойынша аянбай еңбек етті. Нәтиже көрсетіп, ұстазын марапат биігінен көрсетіп жатқан шәкіртіне алар асуы мен бағындырар биігі әлі алда деп сенеміз.