Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Дархан Қыдырәлінің облыс тұрғындармен кездесті

Дархан Қыдырәлінің облыс тұрғындармен кездесті


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Сыр еліне жұмыс сапары аясында облыс тұрғындарымен кездесті. «Достық үйінде» өтіп жатқан жиынға аймақтың зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Мемлекет басшысының ашық азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясаты секілді негізгі салаларда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі Үкімет мүшесі ретіндегі алғашқы сапарын Алаштың анасы атанған Сыр елінен бастап отырғанын, негізгі мақсат аймақ халқының ұсыныс-тілегін тыңдау екенін айтты.

Айта кетейік, кездесуден соң министр «Достық үйінде» азаматтармен жеке қабылдау өткізеді.
03 қараша 2022 ж. 640 0