№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәжіліс депутаттары Арал ауданына барды

Мәжіліс депутаттары Арал ауданына барды


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ. Әміреев және Б. Смағұл Арал ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Депутаттар алдымен Қамыстыбас елді мекеніндегі Қамбаш көліне барып, көлдегі су деңгейімен танысты
.
Аудан басшысы С. Сермағамбетов Парламент депутаттарына өңірдегі орын алған қуаңшылықты еңсеруге бағытталған барлық жұмыстармен, «Ақшатау-Қамыстыбас» көлдер жүйесін суландыру арқылы құрғақшылық салдарынан орын алған мал өлімінің алдын алу, қысқы мал азығын дайындау үшін шабындық алқаптың көлемін арттыру бағытында «Аспай» суағытқысының іске қосылып, «Бұрмақұлақ» арнасын бөгеу жұмыстарының жасалғандығы жөнінде түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда жағадан 400 метрге дейін алыстап кеткен көл суы толып, бұрынғы қалпына келуге жақын.
Одан әрі халық қалаулылары Аманөткел ауылдық округі әкімінің өткен жылғы атқарылған жұмыстары туралы қорытынды есеп беру жиынына қатысты. Есепті кездесуге аудан әкімінің орынбасары Қайрат Байғабылұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Базарбай Шөменұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нұрбек Айтбайұлы, аудандық аурухананың бас дәрігері Марат Құбылұлы, және дербес бөлім басшылары қатысты. Кездесу барысында тұрғындар депутаттарға жергілікті жердегі өзекті мәселелерді айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Өз кезегінде парламенті мәжілісінің депутаты Ғ. Әміреев алдымен өңірдегі жұмыссыздық деңгейін жою, мемлекеттік бағдарламалар арқылы беріліп жатқан жеңілдіктер мен қайтарымсыз несиенің екі есеге көбейгендігі, осы арқылы жастардың кәсіппен айналысып жұмыссыздықты жою бағытындағы жасалуы керек жұмыстар жайын айтты.
Сонымен қатар тұрғындар тарапынан көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақының көлемі, Ақшатау елді мекенімен жол қатынасы туралы сауалдар жолданды. Бұдан бөлек Арал өңіріне жасанды жаңбыр жауғызу, «Қулы» каналына тоспа салу, егін шаруашылығын дамыту үшін ауыл ішіне аяқ су кіргізу, ауылдағы жем-шөп қорының таусылып тұрғандығы жөніндегі мәселелер қозғалды. Жасанды жаңбыр жауғызу және жем-шөп мәселесі бойынша Ғ. Әміреев министрлікке арнайы хат жолдауларын айтып бұл жөнінде жұмыстар жасалатындығын жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары Ақшатау елді мекенінің жол жөндеу жұмыстары бойынша берілген өтінімге сәйкес жауапты орындардан тиісті қаржы бөлінгесін басталатынын айтып, алдағы уақытта аталған каналға тоспа салу жұмыстары жүргізілетінін білдірді. Мұнан басқа да қойылған барлық сұрақтарға депутаттар мен бөлім басшылары тиісті жауаптарын берді.
Мұнан соң депутаттар 1200 адам тұратын Бөген ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. Тұрғындар тарапынан апаттық жағдайда тұрған клуб, ауылдық амбулоторияға дәрігер жетіспеушілігі және Бөген-Қаратерең арасындағы жол жөндеу жұмыстары жөнінде сауалдар қойылды. Ауылдық округте жаңа мәдениет үйінің құрылысы мен жол жөндеу жұмыстары бойынша аудан әкімінің орынбасары биыл басталатындығы және аудандық аурухананың бас дәрігері маман тапшылығы ағымдағы жылдың мамыр айында бұл мәселе шешілетіндігін айтты.
Одан әрі депутаттардың сапары Қаратерең ауылдық округінде жалғасты. Ауылдық округ тұрғындары депутаттардың өңірге келгеніне ризашылығын білдіріп бірқатар мәселелерді ортаға салды. Елді мекен тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі «Барсакелмес» мемлекеттік қорығының территориясының көлемінің ұлғаюы ауылдық округтің жайылымдық жерінің азаюына әкеліп соқтыруы болды. Мұнан басқа жол мәселесі және ауылдық ауруханаға жедел жәрдем көлігінің керектігін айтты. Барсакелмес қорығының шекарасы жөнінде депутаттар министрлерді әкеліп бұл мәселені алдағы уақытта шешіп беретінін және жедел жәрдем көлігі бойынша Марат Құбылұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтінім жіберілгендігін айтып, алғашқы кезекте осы ауылдық округке жедел жәрдем көлігі берілетінін жеткізді. Кездесу соңында ауыл тұрғындары халық қалаулыларына осылай жиі келіп халықтың жағдайын біліп тұруды ұсынды.
17 ақпан 2022 ж. 197 0