№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адамның бақыты байлықта емес, білімде

Адамның бақыты байлықта емес, білімде


Осы күні ойланып қарасам, болашақты ойлауға жүрексінем. Қазір адамдардың көбінің байлыққа жетсем бақытты боламын деп ойлайтыны жасырын емес. Ақша үшін ар-ұяттан безіп, беттің арын белге түйіп пара алатындар да жетерлік. Ең өзектісі, жанындағы баласының санасын улап, «Мына заманда білімнің не керегі бар? Ебін тауып, ақша таба алатындай болсаң болды? Оқығандардың айға ұшқанын көрмедім» дейтін ата-аналардың көбейіп жатқаны жанға батады.
Соның салдарынанбайлыққа қызығатын адамдардың қатары өте көп. Әсіресе, жастар. Оның ішінде бойжеткендерге ерекше тоқталғым келіп отыр. Себебі, олар еліктегіш. Машина мініп, зәулім сарайда тұрсақ деп армандайды. Бар болған, бай болған жақсы ғой. Бірақ арманның ең биігі сол ғана ма? Әсіресе, қыздар байлыққа аса құмар. Ақшалының баласына жақындауды қалайды. Ақшасы бар адамдар бақытсыздық кешпейтіндей, қиындық көрмейтіндей ойлайды. Мен оларды бақытты байлықпен шатастырып жүргендер дер едім. Түсіне білген адамға байлықтың негізгі кілті білімде. Егер бала бойына жастайынан білім нәрін сеуіп, жан-жақты дамуына жол ашсаңыз, ол баланың алар асуы жоғары болатыны сөзсіз. Сондықтан да, бала тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана баласының байлыққа емес, білімге ұмтылғанын қадағалауы тиіс.
Еліміздің болашағы, ұлтымыздың ертеңі мектеп қабырғасында білім алатын жас ұрпақтың саналы ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар да оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын тани алатын жеке тұлғаны қалыптастыру біздің яғни, бала тәрбиелеп отырған әрбіріміздің парызымыз.

Күлжазира Искакова
30 қаңтар 2022 ж. 281 0