Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ОҚУШЫЛАРДЫҢ 99 ПАЙЫЗЫ ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА БІЛІМ АЛУДА

ОҚУШЫЛАРДЫҢ 99 ПАЙЫЗЫ ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА БІЛІМ АЛУДА



Үстіміздегі жылдың 8 қарашасынан бастап білім беру ұйымдарында ІІ оқу тоқсаны дәстүрлі форматта басталды. Оқушылар арасында коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендету мақсатында қажетті шаралар тізбегі қабылданды.
Дегенмен, облыс көлемінде мектеп оқушылары арасынан 0,16 пайызы инфекция жұқтырғаны расталды. Қазіргі таңда оқушылардың 99 пайызы штаттық режимде білім алуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова хабарлады.
«Қазіргі таңда ауа райының күрт салқындауына байланысты оқушылар арасында тұмаумен ауырғандар саны көптеп тіркелуде. Бүгінде облыс көлемінде 924 оқушы тұмаумен ауырған. Олардың 70 -і емханада, 854-і үй жағдайында ем алып жатыр. Балалардың жағдайы жақсы, тиісті емдеу шаралары жүргізілуде», - деді басқарма басшысы Ақзира Бақтыбайқызы.
11 қараша 2021 ж. 612 0