Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 537

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Халық санағының мерзімі ұзартылды

Халық санағының мерзімі ұзартылды


Ұлттық статистика бюросы халық санағының негізгі кезеңі аяқталғанын, бірақ үй-үйді аралау және онлайн-санақтың жалғасатынын мәлімдеді.

«Халық санағының негізгі кезеңі аяқталды. 8 қарашаға дейін нақтылау шаралары жүргізіледі. Sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-санақ функциясы да сол уақытқа дейін қолжетімді екенін хабарлаймыз. Іс-шараға қатысқан баршаңызға алғыс айтамыз!», – делінген ресми хабарламада.Айта кетері, халық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйекте басталып, 30 қазанда аяқталған. Басында тек онлайн-санақ жүргізілді. Ал бір айдан кейін статистика мамандары үй-үйді аралап, санақ парақтарын толтыра бастады. Бірақ оларға есік ашпаған адамдар аз емес. Содан 21 қазанда онлай-санақ қызметі қайтадан іске қосылды.
27 қазанда ұлттық статистика бюросы халықты санақпен қамту көрсеткіші 18 111 266 адамға немесе 95,2%-ке жеткенін хабарлады. 
Алматы қаласы жоспарды 108,2%-ке орындап, көш бастап тұрған. 1 тамыздағы жағдай бойынша мегаполисте тұрақты тұратындардың саны 2 005 496 адамды құраған. Онлайн санақ пен интервьюерлер жүргізген сауалнаманың аралық нәтижесі қазіргі уақытта қалада 2 170 715 респондент бар екенін көрсетті.
Сол сияқты Жамбыл (101,5%), Алматы (101,4%), Түркістан (100,7%) облыстары мен Шымкент (100,6%) қаласында нақты тұратын халықтың саны көп болып шықты.
01 қараша 2021 ж. 499 0