№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Вакциналау: аудандар арасында алтыншы орындамыз

Вакциналау: аудандар арасында алтыншы орындамыз


Сыр өңірі аудандары арасында коронавирусқа қарсы екпе егу бойынша соңғы орындамыз. Мұның себебі неде? Жауапты науқанға кімдер мән бермеуде? Осыны саралап көрдік.

– Коронавирусты жеңуде ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды. Ол үшін аудандағы 85655 адамның 34992-ы екпе салуы тиіс. Бірақ аудан тұрғындарының арасында вакциналауға байланысты түрлі негізсіз сөздер тарап, қазір 23500-і ғана вакцина қабылдады. Вакцинаны кімдер қабылдады? Әрине, олар мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері екенін айту керек. Ендігі жерде зейнеткерлер, жұмыссыз азаматтар, диспанцерлік есепте тұрған науқастар қамтылуы тиіс. Бұл жерде зейнеткерлердің белсенділігін көруге болады. Мәселен, 7500 зейнеткердің 2000-ы екпе қабылдады, – деді ауданның бас эпидемиолог-дәрігер Асқан Отарбеков.
Расында, біздің зейнеткерлердің қоғамдық белсенділігі жоғары. Олар рухани-мәдени іс-шаралардың бел ортасында жүреді. Содан болар зейнеткерлер арасында өз еркімен вакцина салдырғандар көп. Соның бірі – ел ағасы Өмірсерік Тақырбасов.
– Іс-шараларға қатысамыз. Ал, вирус қалай, қайтіп, қашан жұғатынын білмейміз. Осы себепті еркіммен вакцина салдырып, өзімді және жақындарыма зиянымды тигізгім келмеді. Қазір ел арасында вакцина салдырудың маңызын түсіндіріп жүремін, – дейді ардагерлер ұйымының көшбасшысы.
Енді Сыр өңіріндегі аудандарда вакциналаудың деңгейін саралайтын болсақ, Сырдария ауданында 18 жастан асқан 22176 адам болса, соның 74,5 пайызы вакцинаның бірінші компонентін қабылдады. Бұл көрсеткіш Қармақшыда – 74,3 пайыз, Қазалыда – 70 пайызды құрайды. Біздің аудандағы көрсеткіш 56,7 пайыз ғана.
Эпидемиолог-дәрігердің сөзінше, вакциналауда Сыр өңірінің өзге аудандарымен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасуда екен. Айталық, Қызылорда қалалық №1 емханасымен және Шиелі ауданымен күнделікті сөйлесіп, байланысты арттырды.
– Негізінде вакцинаны әр адам медициналық мекемеге келіп салуы тиіс. Алайда «Жылжымалы егу бригадасын» ұйымдастырып, 12 бригада құрылды. Ауылдық жердің бәрінде осындай бригада жұмыс істейді. Бригаданың құрамы дәрігер және екпе егетін мейірбикеден тұрады. Олар алдын-ала жасақталған тізім бойынша көшелерді аралап, епке егу жұмысын жүргізеді. Мәселен бір күнде екпе алу 264-ті құрады. Мақсат – межені 200-ден түсірмеу, – деді дәрігер.
Өзге аудандар тұрғындарды екпе салуға қалай ынталандыруда? Мәселен, Шиелі ауданында бізге ұқсас рейд тұрақты жүргізіледі екен.
Яғни мобильді топ сауда үйлері, базарлар, халыққа қызмет көрсететін банк филиалдарына, қарызға ақша беретін бөлімшелерге арнайы барып түсіндіріп, ескертпе береді. Әрі күнделікті жұмыс жасайтын нысандар «Ashyq» бағдарламасының «QR» кодын енгізуі міндепті.
Бізді Қармақшы ауданының тәжірибесі қызықтырды. Онда жастар ресурстық орталығы мен ерікті жастардың бастамасымен және кәсіпкерлердің демеушілігімен 9 қыркүйек пен 30 қазан аралығында екпе алғандар арасында «Екпе ал да, сыйлық ұтып ал!» атты акция басталыпты. Екпе алу аудандық емхана орталығында орналасқан вакцина егу пуктінде жүзеге асырылады. Екпе алушыларға акция жеңімпазын анықтайтын бірегей код беріледі екен. Акцияға қатысушылар әлеуметтік желіде тікелей эфирде «randstuff.ru» бағдарламасымен бірегей кодтарды кездейсоқ таңдау арқылы анықталады. Жеңімпаздарға бағалы жүлде қоры тағайындалған.
Әлем халқының 219 млн адамы коронавирус жұқтырды, оның 5 млн-ға жуығы өлді. Қазір АҚШ, Үндістан, Бразилия, Англия сынды алып елдердің өзі вирусқа қауқарсыздық танытып, вакциналауды қарқынды жүргізуде. Бұл дегеніміз, бізге де індетке қарсы екпені егуде сергектік таныту керектігін көрсетеді.
Рауза Әзілхан
03 қазан 2021 ж. 306 0