№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық санақ қалай жүруде?

Ұлттық санақ қалай жүруде?


«Ұлттық санақ-2021» науқанының екінші кезеңінің басталғанына да 21 күн өтті. Жалпы санақ қалай жүруде? Биылғы халық санағының ерекшелігі – виртуалды көмекшіні тұрғындар қаншалықты тиімді пайдалануда? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын алуға аудандық статистика басқармасына бардық. 1 қыркүйектен бастап санақ www.sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде жүруде. Заманауи технологияларды пайдалана отырып үйден-ақ қатыса бересіз. Болмаса 1-30 қазан аралығында оффлайн түрде интервьюер үй-үйді аралаған уақытта санақтан өтуге болады. Мекеме мамандары пікірінен осыны білдік.

– Халық санағына онлайн түрде қатыстым. Түсінген адамға мұның тиімділігі зор. Қолыңызда гаджет немесе техникалар болса солардың көмегімен кез-келген жерде тапсыра бересіз. Әр үйдегі біз сияқты үлкен кісілерге техника тілін білетін жастар көмектесіп отырса біз де әрі-бері жүріп әуре болмас едік, – дейді Шалқия ауылының тұрғыны Мусаев Тұрсынбек ағамыз.
Аудандық кент әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет үйінде, Ордакент, Арман мәдениет үйлерінде құрал-жабдықпен жабдықталған арнайы бөлмелер халыққа қызмет көрсетуге дайын.
– Уақытша жұмыс маусымына жұмысқа тарту бойынша 98 пайызы қамтылып тұр. Осы айдың 24-інен бастап, нұсқаушы-бақылаушылардың жұмысы басталады. Оған дейін тағы қатар 3 сұхбатшы маманды толықтыруымыз керек, – деді статистика басқармасының бас маманы Нұрлан Орынбаев
Бүгінде кент әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығынан 15 нұсқаушы-бақылаушы және 99 санақшы уақытша жұмысқа тартылды. Елді мекендер бойынша есепті учаскелерін интервьюерлерге топтастыру және карта бойынша бөлу жұмыстары атқарылған. Аудан бойынша 15 санақ учаскесі құрылып, әр учаскеге 6-7 интервьюер-сұхбатшыдан бөлінген.
– Кенттің орталық көшелерінде екі жерде және барлық елді мекендердің орталық көшелерінде халық санағының қалай өтетіні жөнінде ақпараттық билбордтар орнатылды. Кент тұрғындарының көп шоғырланатын орталықта LED экраннан күнделікті кешкісін видео-роликтер көрсетіледі. Аудан әкімдігінің бекітілген кестесі бойынша қазан айында мекемелер арасында қызметтік автокөліктер кезекке қойылды, – деді басқарманың бас маманы.
Нұрлан Аймахановтың сөзінше, санақ басталғалы бері аудандық спорт бөлімі жақсы белсенділік танытып, онлайн түрде санақ өткізуге атсалысуда.
Бүгінге дейінгі Жаңақорңан кентінің көрсеткіші 32,86 пайызды құрайды. Ауылдық округтерде ең жоғары көрсеткіш Қаратөбеге тиісілі. Бұл ауылдың 79,81 пайыз тұрғыны санаққа қатысты. Қандөз ауылы 78,5 пайыз, Байкенже 65,05 пайыз құрайды. Ең төменгі көрсеткіш Ақүйік 15,48 пайыз, Шалқия 16,99 пайыз, Талап 22,19 пайыз көрсетіп тұр. Осының салдарынан біздің аудан санақ жөнінен облыс бойынша соңғы орында.
Ауылдық огругтер арасында жоғары және төменгі көрсеткішті көрсетіп тұрған Қаратөбе және Ақүйік ауылдық округінің жауапты азаматтарымен байланысқан едік.
Әр адам өз ісіне жауапкер­шілікпен қарап, тиянақты қызмет етсе алынбайтын қамал жоқ. Бұл ауылымыздың бірлігінің жемісі. Осы қарқынмен әлі де жалғастыра береміз, – деді Қаратөбе ауылының санақ жүргізуші маманы Клара Ерғарақызы.
Ал, Бірлік ауылының төмен деңгей көрсету себебін ауыл әкімі Азамат Мамиков былай түсіндірді:
– Біріншіден, ауылда тұрғын саны аз пайызға шаққанда бұл өз әсерін тигізбей қоймайды. Екіншіден, интернет желісінің дұрыс болмауы санақ жұмысын бәсеңдетуде.  Бірақ мұнымен тоқтап қалмай, жұмысты жеделдетуге тырысудамыз.
Халық санағына бей-жай қарамай, белсене қатысу әр азаматтың міндетті. Ұлттық халық санағының шынайы нәтижелері халық туралы нақты, сапалы деректерді алуға негіз қалайды. Cондықтан да санақта белсенділік танытайық , ағайын!
Рауза ӘЗІЛХАН
22 қыркүйек 2021 ж. 391 0