№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2021 жылдың 1 жартыжылдығында МӘМС-ке 372 млрд теңгеден астамжарналар мен аударымдар түсті

2021 жылдың 1 жартыжылдығында МӘМС-ке 372 млрд теңгеден астамжарналар мен аударымдар түсті


Бірінші жартыжылдықта ең көп түсім  әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік санатындағылар  үшін мемлекеттің  төлеген жарналары болып табылды, бұл туралы Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары  Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры"  КЕАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеме жасады.

ӘМСҚ басшысы мәлімдегендей, 2021 жылдың 1-жартыжылдығында 372,8 млрд теңге түсті, бұл жылдық жоспардан түсетін түсімдер жоспарының 53%-на сәйкес келіп отыр.
 Осылайша, түсімдердің жалпы сомасынан алғанда:
- Азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін мемлекеттің жарналары-182,1 млрд теңге. 2020 жылы осы кезеңге 146,6 млрд теңге түсті .
- Жұмыс берушілердің аударымдары 94,1 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың осындай кезеңінде бұл сома 76 млрд теңгені құрап отыр. 
-  2021 жылдың 1 - жартыжылдығында қызметкерлер 81,8 млрд теңге төлем жасады. 2020 жылы бұл сома 31,3 млрд теңгені құрады.
- Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 7,7 млрд теңгені құрады. Төлеушілердің осы санатымен  2020 жылдың дәл осындай кезеңінде 3,2 млрд теңге төлем жасалынды.
- Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар МӘМС үшін 3,1 млрд теңге төлем төледі.  2020 жылы аталған  көрсеткіш 0,8 млрд теңгені құрады. БЖТ төлеушілер өткен 6 айдың көлемінде  медициналық сақтандыру жүйесіне – 760 млн теңге, 2020 жылдың осындай кезеңінде – 1,9 млрд теңге төлем жасады .
Өзіне-өзі төлеушілер санаты 2021 жылдың 6 айында МӘМС үшін 3 млрд теңге төлем жасады. 2020 жылдың осындай кезеңінде бұл сома 180 млн теңгені құрады.
07 қыркүйек 2021 ж. 361 0