№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2021 жылдың басынан бастап МӘМС жүйесіне жарна төлемеген қазақстандықтар саны 900 мыңға дейін азайды

2021 жылдың басынан бастап МӘМС жүйесіне жарна төлемеген қазақстандықтар саны 900 мыңға дейін азайды

2021 жылдың басынан бастап МӘМС жүйесіне жарна төлемеген қазақстандықтардың саны 1,4 млн 900 мыңға дейін азайды. Бұл ретте ҚР сақтандырылған халықтың саны 1 млн ұлғайды, тағы 2,9 млн адам сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтарды МӘМС жүйесімен қамту қалай жүргізілетінін, адамдар неге жүйеден «шығып қалатынын» және оларды қалай қайтаруға болатынын түсіндірді.
Қор халықты медициналық сақтандырумен қамтуды арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Бүгінгі таңда Қазақстан халқының 84,4% медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады. Шектеу шараларының енгізілуіне және бизнес пен халықтың төлем қабілеттілігінің төмендеуіне қарамастан, жүйеге қатысушылар саны 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 млн адамға артып, 15,9 млн адамға жетті.
Бұл ретте МӘМС жарналарды ешқашан төлемеген азаматтардың саны айтарлықтай азайды. Егер 2021 жылдың басында 1,4 млн астам адам болса, 1- тоқсанның қорытындысы бойынша – 922 мың адам (35% астам төмендеу).
2,9 млн астам қазақстандықтар МӘМС жүйесінен тыс қалуда, бұл олардың МӘМС пакетінде медициналық қызметтерге  қол жеткізуге белгілі бір тәуекелдер тудырады.
Сақтандырылмағандардың көпшілігі Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген.
МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге, оның ішінде шұғыл медициналық көмек көрсетуге, жедел жәрдем бригадасының келуіне, учаскелік дәрігердің қабылдауына және т. б. сене алатынын атап өтеміз.
Талдау сақтандырылмаған халықтың көп бөлігін тұрақсыз төлейтіндер құрайтынын көрсетеді. Яғни, бұл аударымдар және (немесе) жарналар жүйелі түрде жүргізбеген азаматтар (біржолғы – 42 500 теңге төлем алу үшін; немесе маусымдық, кезеңдермен – белгілі бір уақытта медициналық көмек алу үшін). 42 500 теңге төлеу кезеңінде (2020 жылғы сәуір – мамырда) жеке тұлғалардан БЖТ төлемдерінің ең жоғары өсуі байқалды, 01.04.2020 ж. жағдай бойынша сақтандырылған халықтың саны 17,4 млн адамды (93,1%), ал 01.04.2021 ж. – 15,96 млн адамды (84,3%) құрады. Сол кезде БЖТ төлеушілер саны 1,99 млн жетті. Азаматтардың басым бөлігі БЖТ Түркістан (333,6 мың адам), Алматы (338 мың адам), Жамбыл (164,5 мың адам), Шығыс Қазақстан (124 мың адам) облыстарында, Алматы (153 мың адам), Нұр-Сұлтан (104 мың), Шымкент (137 мың) қалаларында төленді. Осы төлемдердің жүйелілігі сақталған жағдайда МӘМС жүйесімен әлеуетті қамту ел халқының 92%  жетуі мүмкін.
БЖТ төлеушілер төлемді жалғастырмауына байланысты, 2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша БЖТ тұрақты төлеушілердің саны шамамен 200 мың адамды құрайды, ал шамамен 1,4 млн БЖТ төлеушілер сақтандырылмаған болып табылады, олар кем дегенде бір рет төлем жасаған.
БЖТ төлеушілер сақтандырылған мәртебесін 3 ай қатарынан төлегеннен кейін алатынын естеріңізге саламыз. БЖТ төлемі ерікті болып табылады. Салық кодексіне сәйкес, тауарларды сатудан немесе қызметтерді көрсетуден мезгіл бойынша кіріс алатын, бірақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген және жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбайтын азаматтар оны төлеуге құқылы.
Дербес төлеушілер – еш жерде жұмыс істемейтін, әлеуметтік осал санатқа жатпайтын, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе ЖК болып табылмайтын азаматтар – медициналық сақтандыру үшін 2 125 теңге (1 ЕТЖ-дан 5%) мөлшерінде жарналарды өз бетінше төлеуі қажет. «МӘМС туралы» ҚР Заңы бойынша, сақтандырылған мәртебесін алу үшін алдыңғы 12 ай үшін жарналарды төлеу қажет. 1 сәуірге сақтандырылған дербес төлеушілер саны 155,6 мың адамды құрайды.
Пандемия кезеңінде міндетті төлемдерді, оның ішінде МӘМС төлеуден босатылған ШОБ қызметкерлерінің тізімдерін өзектендіру бұрынғысынша проблема болып қалып отыр. Қазіргі уақытта жұмыс берушілердің 20% жуығы (61 мыңнан астам ШОБ) өз қызметкерлерінің тізімдерін өзектендірмеген. Осыған байланысты олардың сақтандырылған мәртебесі жоқ және медициналық көмек алуда шектеу қойылған. Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жауапкершілігі туралы ескертеміз және олардың деректерін https://msb.fms.kz  сайтқа енгізуге шақырамыз.
Қор медициналық ұйымдармен, жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік кіріс органдарымен, «Атамекен» ҰКП бірлесіп осы нормаларды түсіндіру және сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту/қайтару бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Халықтың әрбір санатымен жеке жұмыс жүргізіледі, оның ішінде оларға жеңілдік мәртебесін беру бойынша.
Кейде БЖТ төлеушілер арасында жеңілдік санаттарының өкілдері де кездеседі. БЖТ бір рет төлегеннен кейін олар жеңілдік мәртебесін жоғалтады. Олармен жүйеге оралу бойынша жұмыс жеке жүргізіледі.
Сондай-ақ, Қор азаматтарға медициналық қызметтерді тұтынушы уақытша мәртебесін беру бойынша жұмыс жүргізді. 15.07.2020-06.06.2021 жылдар аралығында МӘМС жарналарын төлеуден босатылған 23 мыңға жуық азаматқа уақытша мәртебе берілді. Уақытша мәртебе оларға растайтын құжаттарды ұсынуға және жеңілдік санатына оралуға мүмкіндік береді. Содан кейін олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін болады.
Айта кету керек, БЖТ төлеушілермен жұмыс барлық мүдделі құрылымдармен, оның ішінде Мемлекеттік кірістер комитетінің, БЖЗҚ, ӘМСҚ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жүргізілуі тиіс. Бұл ретте жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты есепке алу Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне жатады, ал өңірлерде бұл бағытқа облыс әкімдерінің жауапты орынбасарлары мен жұмыспен қамту орталықтары жетекшілік етеді.
МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғаның мәртебесі туралы сұрақтар туындаған кезде, жарналар мен аударымдарды төлеу кезінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бірыңғай байланыс орталығы 1406, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot, Қордың fms.kz сайты ресми байланыс арналары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
19 мамыр 2021 ж. 366 0