Жаңақорған: ауылшаруашылық саласында серпін бар
Бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлы Жаханов және облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Шахмардан Сұлтанбекұлы Қойшыбаев Жаңақорған ауданында іс сапарда болды. Аудан әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемов аудандағы ауылшаруашылық саласындағы бірқатар жұмыстармен таныстырды.
Алғашқы сапары "Батыс Қытай - Батыс Европа" дәлізі бойында орналасқан "Жан Арай" ЖШС-нің сервистік қызмет көрсету орталығы, алма бағы және құрылысы басталған көкөніс - жеміс сақтау қоймасының жұмысымен, сондай ақ, "Абдулла" шаруа қожалығының құс фабрикасының құрылысымен және Жаңақорған кенті аумағында орналасқан агроиндустриялық аймақта 30 га жерге жеміс ағаштары мен бақша өнімдерін егіп, үлкен кәсіп көзіне айналдырған Амантай Сарбасовтың бау-бақшасында болып, пікірлесті.
Соңғы іс сапар Жайылма ауылында аяқталды. Биылғы жылы су тапшылығы Сыр өңірімен қатар тау беткейдегі су қоймаларында да жауын мен қар түсімінің аз болу салдарынан 50 - 60 пайызға кем су жиналуда. Алайда елімізде қарбыз - бренд саналатын Жайылма ауылдық округінің шаруашылық құрылымдары мен аудандық ауылшаруашылығы мамандары бұл тығырықтан шығудың жолын ата - бабамыз салып кеткен ізбен еңсеруді ұйғарып отыр. Ауылдағы ұжым мүшелері бірігіп, өздерінің қаржылық күштерімен электрлік инфрақұрылымдарын жеткізе отырып, 13 - 15 метр шахталы кәріздер қазу жұмыстары арқылы іске асырылуда. Осы жоба арқылы 150 га бақша, көкөніс және 150 га жоңышқалық алқаптарды суландыруды жүзеге асырылады.
Жаңақорған ауданы әкімдігі фейсбук парақшасынан.