№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Онкүндік оң әсерін берері сөзсіз

Онкүндік оң әсерін берері сөзсіз


Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімде ағымдағы жылдың 14-23 қыркүйек аралығында психологиялық және психопрофилактикалық іс-шараларды ұйымдастырубойынша онкүндік өткізілуде.
Шараның негізгі мақсатыәскери ұжымдарды біріктіру үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін барынша арттыру, оларға салауатты моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырып, достық пен серіктестікті және өзара көмек көрсетуді нығайту болып табылады.
Онкүндік кезінде проективтік әдістер мен көптеген психологиялық материалдар пайдаланылылып, қақтығыс пен агрессияны анықтау үшін әртүрлі психологиялық тесттер қолданылды.
Шара барысындаәскери қызметшілердің мінез-құлқының алдын алу бойынша әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларының жұмыс сабақтары мен нұсқауларыөткізілді.Сондай-ақ, бөлімнің әскери қызметшілерімен жеке әңгімелесулер, психологиялық кеңес берулер өткізілді.
«Өтіп жатқан онкүндік әскери қызметшілердің бойында патриотизм, бірлік, жомарттық, төзімділік сезімдеріне тәрбиелеп, осы негізде достық пен әскери серіктестікті нығайту болып табылады», - дейді әскери бөлімнің офицер–психологі, капитан Нұрсұлтан Жоламанов.
Бұл үрдіс алдағы уақытта да жоспар бойынша жалғасын тауып, бөлімнің жеке құрамымен «Жауынгерлік дос» жүйесі бойынша сабақтар өткізілу жоспарлануда.
Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы сержант 
17 қыркүйек 2020 ж. 538 0