№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада Президент тапсырмасы аясында әмбебап мемлекеттік қызметшілер даярлау қолға алынды

Қызылордада Президент тапсырмасы аясында әмбебап мемлекеттік қызметшілер даярлау қолға алынды

Қызылорда облысында «Басшылар дәрісі» жобасы қолға алынды.
Жоба аясында облыстық басқармалардың басшылары аймақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық салалары бойынша мемлекеттік қызметшілерге дәрістероқиды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастамашы болған жобаның мақсаты - азаматтардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне жедел жауап бере алатын бәсекеге қабілетті әмбебап мамандар әзірлеу.
«Басшылар дәрісі» жобасы арқылы мемлекеттік қызметшілер түрлі салалардағы атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етіледі. Бұл мемлекеттік органдарға қабылдауға келген адамдарды түрлі мекемелерге сандалтпай, мүмкіндігінше бір жерден жан-жақты ақпарат беру үшін жасалып отыр», - деді департаменттің басқарма басшысы Жасұлан Шынтасов.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында қолға алынған жобағаҚызылорда облысы әкімдігі мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы қолдау білдірді.
Алғашқы кезекте Академияның облыстық филиалында қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарларынан өтіп жатқан тыңдаушыларға дәріс оқылады. Биылғы жылы филиал базасында 500-ден астам мемлекеттік қызметші білімін жетілдіреді.
Жалпы жоба алғашқы дәрістен бастап-ақ нәтижелі болатындығын дәлелдеді. Жобаның ашылуындағы дәрісте филиал тыңдаушылары бұл идеяға оң бағаларын берді. Бірінші дәрісті облыстық кәсіпкерлік және туризм, ішкі саясат басқармаларының басшылары өткізді. Дәріскерлердің тыңдаушылармен белсенді әңгіме-дүкен құрып, өзекті мәселелерді талқылауына шараның онлайн форматта өтуі де кедергі бола алмады.
Алдағы уақытта «Басшылар дәрісі» жобасы аясында аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің қызметшілеріне онлайн форматта дәріс оқу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 3675 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.Оның ішінде, 14 саяси, 1 «А» корпусының қызметшісі, 3660 - «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бар.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
10 ақпан 2021 ж. 425 0