Жаңадан сервистік әкімдік ашылды
Ашықтық қағидаттарына негізделген, мемлекеттік қызметтерді жедел және сапалы көрсету, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Жаңақорған ауданында жаңадан сервистік әкімдік ашылды.
Ашылу презентациясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы, Агенттік жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы және аудан активі мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы өңіріміздегі барлық қала және аудан әкімдіктері сервистік режимге толықтай көшкендігін атап өтті.
Өз кезегінде Ғанижан Асанұлы - «Сервистік әкімдіктер жобасы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасауға арналғандығымен құнды. Мемлекеттік мекемелер бұл моделді жетілдіріп, азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыруықажет» - деді.
Сонымен қатар, Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада мен барлық жерде стандарттың бірдей екеніне және азаматтарға жағдай жасалғанына көз жеткіздім. Сапалы мемлекеттік қызметтер – тұрмыстық жемқорлықты жоюдың кепілі. Оларды алу үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік аппаратқа деген сенімді арттыру тұрғысынан бірінші кезектегі міндеті екендігін хабарлады.
Агенттік өкілдері Қызылорда облысындағы іс-сапары соңында облысымыздағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға оң бағасын берді.