Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Үкімет шешімі: Екінші тоқсанда оқушылар мектепке барып оқиды

Үкімет шешімі: Екінші тоқсанда оқушылар мектепке барып оқиды

Қазақстанда екінші тоқсанда оқушылар мектепке барып оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".
Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша ВАК бірқатар шешім қабылдады:
"I. Мектепте оқыту бойынша екінші тоқсаннан бастап қалалық және ауылдық мектептердің жұмысын 300 оқушыға дейін дәстүрлі форматқа көшіру; ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат беру.
Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска тағу режимін, шахмат алаңын және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
II. Театрлар мен мешіттердің жұмысы бойынша биылғы 2 қарашадан бастап театрлардың 30 пайызға дейінгі, бірақ залда 100 адамнан аспайтын жұмысына (әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, термометрияны сақтау, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау); мешіттерде ұжымдық намазды (бес намазды) жұма намазын қоспағанда, бірақ залда 100 адамнан аспайтын (намаз кезінде 2 м әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, термометрияны сақтау күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау) жүргізуге рұқсат етілсін", - делінген шешімде.
27 қазан 2020 ж. 1 209 0