№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада соңғы 1 айда кәсіпкерлерге тауардың шығу тегі туралы 199 сертификат берілген

Қызылордада соңғы 1 айда кәсіпкерлерге тауардың шығу тегі туралы 199 сертификат берілген


Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтты.
Палата директоры елімізде төтенше жағдайдың жарияланғанына қарамастан кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтер үзіліссіз, жүйелі жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Мәселен, Еуразиялық экономикалық комиссия дүние жүзінде жарияланған пандемияға орай бірқатар азық-түлік түрлерін осы жылдың 30 маусымына дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен өзге елдерге  шығаруға тыйым салғанда тізімге күріш те еніп кеткен болатын. Күрішшілердің алаңдаушылығынан кейін Кәсіпкерлер палатасы бұл мәселеге араласып, «Атамекеннің» Орталық аппаратына ұсынысын берген. Нәтижесінде күрішшілер кедергісіз тауарларын экспортқа шығару мүмкіндігіне ие болды.
Ғалымбек Жақсылықов Кәсіпкерлер палатасымен 16 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін аймақ кәсіпкерлеріне барлығы 199 сертификат рәсімделгенін айтты. Оның ішінде экспортқа күріш, балық, мұнай, газ, руда және өнеркәсіп өнімін шығару үшін 182 сертификат берілсе, ішкі айналымға арналған «СТ-КЗ» формалы 17 сертификат күрішке, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарына, құрылыс материалдарына берілген.
Экспортқа шығарылған тауарлардың басым бөлігі ТМД елдеріне, Ресей, Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина елдеріне жіберілген. Сондай-ақ, Монғолияға, Тайваньға тауарлар экспортталған.
«Эль-Панда» ЖШС, «Най-Мир» ЖШС, «Аза-Мир» ЖШС, «Абай Даулет» ЖШС, «Жан Арай» ЖШС, «ГАИС» ЖШС, «Ристорг капитал» ЖШС, «Рза Агро» ЖШС, «Bai Dala» ЖШС, «Асыл дән ЛТД» ЖШС, «Жеңіс» ЖК  секілді кәсіпкерлік субъектілері күріш, күріш сынықтары (дробленый) және күріш кебегін, «Балауса» ЖШС руда, «Ай-Дан-Мұнай» ЖШС, «Саутс-Ойл» ЖШС, «ҚұмкөлТранс» ЖШС мұнай және газ, «СЗЦ «Арал» ЖШС, «СПК Қызылорда Балық» ЖШС балық және балық өнімдерін, «Компания Гежуба  Шиелі Цемент» ЖШС цемент  шығарған.
Төтенше жағдайға қарамастан өңірімізде экспортерлер қатарына бірқатар жаңа кәсіпкерлер қосылды. «Углесбыт» ЖШС, «СЗЦ «Карашалаң» ЖШС, «Акбасты» өндірістік кооперативі, «Жамбыл» өндірістік кооперативі, «Мырзағазиев Ж.М.» ЖК, «Казкаучук» ЖШС К»әсіпкерлер палатасынан күріш, балық, өнідіріс өнімдері үшін экспорттық сертификаттар алған.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
23 сәуір 2020 ж. 639 0