Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Психологиялық тест: Қайсы әйел тұрмыста?

Психологиялық тест: Қайсы әйел тұрмыста?

№1 ӘЙЕЛ
Егер сіз бірінші әйелді таңдаған болсаңыз, сіз табиғатыңыздан өте шыдамды адамсыз. Өзгелердің жағдайын өте жақсы түсінесіз. Және жаныңызға жақын адамдардың басына түскен қиындық сізді бей-жай қалдырмайды. Сіз де бос уақыт деген болмайды. Бола қалған күннің өзінде де сізден көмек сұрап келген адамның шаруасын шешуге бос уақытыңыздың барлығын арнайсыз. Айналаңызда болып жатқан оқиғалардың ешбірі сіздің қатысуыңызсыз өтпейды. Бір сөзбен айтқанда сіз өзіңіз үшін емес, өзгелер үшін жаратылған жансыз. Сіздің жүрегіңіз нәзік, болмысыңыз ерек. Мінезіңіз ашық, жарқын көңіліңізбен адамдарды тез баурап алатын күшке иесіз. Бәлкім, бір сәтке болса да өзіңізге көңіл бөлерсіз? Сізге айтар кеңесіміз, бір күніңізді өзіңізге арнаңыз. Саяхаттаңыз, тынығыңыз, кітап оқыңыз, жақсы фильм көріңіз.
№2 ӘЙЕЛ
Екінші әйелді таңдаған болсаңыз, сіз қарапайым адам емессіз. Бойыңызда шығармашылық дарын бар. Айналадағы болып жақтан оқиғалардың барлығы сізді бей-жай қалдырмайды. Тіпті болмашы өзгерістің өзі сізге ерекше шабыт сыйлайды. Сіздің ерекше дарыныңыз бен көп қырлы қабілетіңізге өзгелер қызғанышпен қарайды. Тіпті олардың қатарында достарыңыз да бар. Сәнді киінесіз, соңғы сән үлгісіндегі киімдерді үйлестіре білесіз. Шығармашылықтан бөлек әртістік қабілетіңіз болғандықтан, айналадағы адамдарға ерекше әсер қалдырасыз. Сізді оңай ұмыта салу қиын. Егер қазіргі мамандығыңыз театр, кино, шығармашылық саласына қатысты болмаса, ойланып көрерсіз. Өйткені ерекше дарынды тұншықтыруға болмайды.
№3 ӘЙЕЛ
Үшінші әйелді қабілеті басым адам ашады. Сіздің ішкі түйсігіңіз жақсы дамыған. Соның арқасында өмірлік жолыңызды жаңылмай тауып келесіз. Есепке және құнды қағаздармен жұмыс істеуге ширақсыз. Ауқымды жобаларды аяғына дейін жеткізіп, жеңісті қанжығаңызға оңай байлауға бейімсіз. Алдыңызда отырған адамның ойын тез оқып қоясыз. Сол себепті сізді алдап, тақырға отырғызу өте қиын. Өзгелерге не керек екенін жақсы білесіз. Мақсатыңыз айқын. Тіпті сәтсіздіктердің өзін, еңсеңізді тік ұстаған күйі жеңіл қабылдайсыз. Достарыңыздың өзі сәтсіздікке ұшыраса сіздің қолдауыңызға зәру. Өйткені сіз әрдайым «Достым, еңсеңді түсірме! Қиындықтың барлығын бірге еңсереміз» деп шабыттандырасыз. Сізге кеңесіміз, осы қалпыңыздан танбаңыз.
№4 ӘЙЕЛ
Төртінші әйелді таңдаған өте құпия адам. Өзіңіз жайлы өзгелердің сөз тасығанын аса ұнатпайсыз. Сіз ағыспен жүруге көнбейсіз. Өмірде өз жолыңызды нақты айқындаған болсаңыз, ағысқа қарсы жүзуге де дайынсыз. Айналаңызға сыни көзқараспен қарайсыз. Сіздің дамуыңыз бен жетістікке жетуіңізге кедергі болатын адамдармен бірден қоштасасыз. Тіпті достарыңыздың өзі сіздің іріктеуіңіз бен сыныңыздан өткен. Өйткені сіз мотивация сыйлайтын адамдармен жолдас болғанды ұнатасыз. Ішкі сырыңызды көп аша бермейсіз. Алайда бойыңыздағы ең жақсы қасиеттердің бірі жаныңыздағы адамдардың қателікке ұрынарын алдын ала сезіп отыратындығыңызда. Және қателік жасауларына жол бермейсіз. Олар сіздің ескертпеңізді ескергілері келмегенмен, сіздің ешқашан қателеспейтініңізді біледі. Сол себепті сізді тыңдауға мәжбүр. Өйткені сіз турасын айтатын, бірбеткей адамсыз. Ал, тура биде туған жоқ.
Бұл тест бойынша 3-әйел тұрмыста.

Oinet.kz
18 қыркүйек 2020 ж. 7 479 0