Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Болсайшы бәрі осындай...

Болсайшы бәрі осындай...


Демалыста едім. Тіршіліктің ың-шыңынан азғана уақытқа болса да бас арашалап, бой тасалап дегендей, өзім­мен-өзім болып жатқан шағым еді қазірде. Телефонды да дамылдатып, компьютерді де «демалдырып» қоя тұрайын деген көңіл шешімі де бар-ды. Бірақ... әлгі бір әзірде ноудбукті қоса қойып ем, алдымнан жарқ етіп жақсы жаңалық шыға келгені. Жаңақорған ауданына жаңа әкім тағайындалыпты!

Қазақ жерінде аудан көп қой, қайсыбірін түгендеп отырарсың, десе де бұл өңір – менің туған жерім! Сосын да ондағы өмір, тіршілік пен өзгерістер өзіне еріксіз қаратады – бұл заңдылық болса керек! Оның үстіне... ауданға алғыр да алымды, өз ісіне мығым жігіт Руслан Рүстемов тағайындалыпты – оны сыртынан емес, былайша да жақсы танушы ем.
Осыдан бес жыл бұрын аудан орта­лығында жазушы Тынымбай Нұрма­ғамбетовтің жетпіс жасқа толған мерей­тойы өткізілген-ді. Қызықты қараңыз: осы мерейтойлық кештің тізгінін ұстауды ойламаған жерден маған ұсынғаны бар-ды. Әуелде бұл қалай болар екен деп, кішкене қарсылық байқатқан болсақ та, артынан келісуге тура келген. Өйткені, аудан басшысының ықылас-ниеті барынша шынайы екені көрініп-ақ тұрған. Астанадан ат сабылтып бардық. Ағамыздың мерейтой кешін жүргіздік. Бар ықыласымызбен көңілдегі толқынданып жатқан ой-өрімді іркіп қалмастан, ел-жұрт алдында молынан жайып салдық. Сосын қайтадан Астанаға ұшып кеткенбіз. Сол кездегі аудан тізгінін ұстаған елгезек жан кім еді дерсіз? Ол – осы Руслан Рүстемов болатын. Келесі жылы ол облыс әкімінің орынбасары қызметіне жоғарылаған-ды.
Кейінгі кезде... Сырдария ауданын басқарып жатыр деп естігем. Енді міне, Жаңақорған ауданы топырағына қайта оралыпты – сәтті шешім деп ойладым ішімнен. Әрине, қазақта сөз бар: «Жақсының соңынан қай кезде де сөз ереді!..» Кім біледі, менің Руслан інімнің де бойынан кемшілік тауып, сыртынан сынап-мінеп жататындар да табылар, ол өзі қазаққа тән мінез ғой, десе де осы азамат бүгінгі замандағы ел басшысы қандай болуы керектігін сөзімен де, ісімен де мейлінше даралап көрсетіп келе жатқан кісі десек, артық сөз бола қоймас. Тіпті кеуденің терең түкпірінде «болсайшы бәрі осындай әкімдердің...» деген ілтипатты тілек те қылтияды – жасырып қайтейік!
Демалыс кезінде, асығыстау болса да, кішкене уақыт тауып, осы жолдар арқылы жаңадан тағайындалған бас­шыға ақ жол тілегім келді! Іске сәт, Руслан! Ел құрметіне молынан бөлене бер, жақсы інім!

Жолтай ӘЛМАШ,
ғалым, жазушы, драматург
05 қыркүйек 2020 ж. 496 0