№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы сайланды

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы сайланды



Қызылордада жақында ғана сайлау негізінде анықталған Өңірлік кеңестің жаңа құрамының қатысуымен алғашқы мәжіліс өткізіліп, кеңес мүшелері төрағаны сайлады. Өңірлік кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен кеңес төрағасы болып Боранбаев Қайрат Жомартұлы сайланды.       

Боранбаев Қайрат Жомартұлы 1967 жылы дүниеге келген.  Алматы халықшаруашылығы институтын «экономист» мамандығы (1991 ж.) бойынша, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтын «заңгер» (2001 ж.) мамандығы бойынша бітірген.
Қайрат Жомартұлы еңбек жолын кәсіпкерліктен бастап, 7 жыл бизнес саласында жұмыс жасағаннан кейін облыстық салық департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Кеден департаментінде басқарма бастығы қызметтерін абыроймен атқарған. 2009 жылдан қайтадан бизнестегі жолын жалғастырып, «К-Group LTD» ЖШС, «Нурлен» ЖШС-нің басқарма төрағасы қызметін абыройлы атқаруда.
Қайрат Жомартұлы өз ісінің мықты маманы. Өзінің ұйымдастыру қабілетімен және саланы жақсы меңгерген, заман талабына сай білікті басшы ретінде облысымыздың дамуына елеулі үлес қосып келеді.  Кәсіпкерлік саласына қатысты өзекті мәселелерді түрлі алаңдарда көтеріп, нормативті-құқықтық актілерді талқылауда белсенді ұсыныс беріп келеді. Компаниясымен жыл сайын жетім балаларға, көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге, басқа да мұқтаж жандарға қомақты қаржылай көмек көрсетуде. Компания жұмысшы жас мамандар мен студенттер арасындағы «WorldSkills» өңірлік конкурсы аясында жеңімпаздардың демеушісі. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде covid-19 инфекциясын емдеуші дәрігерлерді «Қызылорда» қонақүйінде тегін жатын орынмен, тамақпен қамтамасыз етті.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
        
03 қыркүйек 2020 ж. 541 0