№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу


Тәжірибе көрсеткендей, нақты «проблемалық бағыттарға» көңіл бөлу және оларды шешу сыбайлас жемқорлықты алдын-алудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына қарамастан облыс бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің саласына байланысты жағдайда көңіл қуантатындай емес.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және айыпталушылармен сотталушылардың құқықтарын қорғау мақсатындаоблыс бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаменті мен оған қарасты түзеу мекемелерінің басшылығымен кездесу өткізілді.
Кездесуге,Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы, облыс бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Накенов Мұрат Сабырұлы,«Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы, Қызылорда облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысыТеңізбаев Серік МұстафаұлыжәнеЗК-169/1 мекемесі мен 3К-169/5 аралас режимдегі түзеу мекемесінің және 3К-169/4 қоныс калониясының басшылары қытысты.
Кездесуде, облыс бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі қызметкерлердің қызметін асыра пайдалану, айыптаушылар мен сотталушылардың құқықтарын қорғау мәселесі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған шаралардың нәтижесі қаралып, қорытындысымен ұсыныстар берілді.
05 тамыз 2020 ж. 626 0