№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 42 500 теңгені мемлекетке қайтарып бергендер екінші рет өтініш бере ала ма?

42 500 теңгені мемлекетке қайтарып бергендер екінші рет өтініш бере ала ма?


Қазір тек жалақысынан айырылмаған, ақысыз еңбек демалысына шықпаған жалдамалы жұмысшылардан ғана қайтару-қайтармау мәселесі туындап отыр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгені қайтарудың қажеті жоқ екенін қадап айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz.

Төтенше жағдайға байланысты жәрдемақыны заңсыз алғандар қылмыстық жазаға тартылады дегенді естігеннен кейін, кейбір азамат алған 42 500 теңгесін мемлекетке қайта аударған. Олардың арасында, әлеуметтік төлемге ілігіп тұрған жандар да бар екен.
Онлайн брифинг барысында министр төлемді кері қайтарғандар екінші рет өтініш бере ала ма деген сұраққа жауап берді.
"Әу баста ештеңені қайтармау керек еді. Әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамдардан қайтаруды ешкім талап еткен жоқ. Ешкімге қайтарудың қажеті жоқ. Қазір тек жалақысынан айырылмаған, ақысыз еңбек демалысына шықпаған жалдамалы жұмысшылардан ғана қайтару-қайтармау мәселесі туындап отыр", – деді Нұрымбетов.
Ол төлемді кері қайтарғандар 42500@enbek.kz және 42500@gfss.kz поштасына хат жолдауы тиіс екенін айтты.
"Біз өтінішті қарап, әлеуметтік төлемді қалай қайтарып алуға болатынын түсіндіреміз", – деді министр.
Нұрымбетов әлеуметтік төлемді қайтару мерзімі мен тәртібі жоқ екенін айтты.
"Егер сіз қателескеніңізді көріп тұрып, қайтарамын десеңіз, жағдайыңыз келген кезде, қайтарыңыз. Қайтармаймын десеңіз де өзіңіз білесіз", – деді ол.
22 сәуір 2020 ж. 635 0