№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 42500 теңге келесі жолы кімдерге төленбейді?

42500 теңге келесі жолы кімдерге төленбейді?


Келесі жолы 42500 теңгелік жәрдемақы кімдерге тағайындалмайтынын еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасаны Нариман Мұқышев мәлім етті, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz.

"Бұл ай сайын ТЖ кезінде берілетін төлем. Төтенше жағдай 30 сәуірге дейін ұзартылғандықтан наурыз айында ақша алғандарға тағы да 42 500 теңге төленеді. Келесі төлем бір ай уақыт өткен соң түседі. Осы айдың соңына дейін өтініш білдірген азаматтардың барлығы жәрдемақыға ие болады", - дейді вице-министр.
Бұған қоса ол екінші реттік төлем кімдерге берілмейтінін түсіндіріп кетті.
"Келесі жолы жәрдемақы тағайындауға тағы бір мәрте өтініші берудің қажеті жоқ. Сонымен қатар алдыңғы өтінімдерді бір қайтара тексеріп шығамыз. Қазіргі күннің өзінде кейбір мекемелердің жұмысы қайта іске қосылды. 20 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтандағы бірқатар кәсіпорындар ашыла бастады. Сол себепті осы айда жұмысқа шығып табысына қайта қол жеткізген азаматтарға мемлекеттік төлем жүргізілмейді. Ол үшін жұмысқа шыққан азаматтар электронды порталда өз бетімен жәрдемақыдан бас тарта алады", - дейді министр орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін вице-министр 42500 теңге төлемді кешіктірудің себебін түсіндірген болатын.
21 сәуір 2020 ж. 848 0