ҚАЗАҚ САПАРҒА ШЫҚПАЙТЫН, МАЛДЫ АЛЫСҚА ЖАЙМАЙТЫН КЕЗ – БЕСҚОНАҚ.
Сәуірдің ортасына қарай елімізде күн салқындап, жаңбыр, тіпті қар да жауып жатады.
Мұны қазақ "бесқонақ" немесе "от амалы" деп атаған. Ежелде қазақ "бесқонақтың" алдында айға қарап көкке шыққан.
Сәуірдің 5,6,7-сі күндері ай тоғысады. Осы үш күндегі ай тоғамына қарап, қазақ алдағы бір жылдың ауа райын болжап отырған.
Осы ай тоғысынан кейін көп ұзамай "бесқонақ" басталады.
Оның басталу уақыты әр өңірде әр түрлі.
Бір аймақта бұл құбылыс 17-23 сәуірде болса, басқа бір өңірде сәуірдің 8-і кіріп, 18-шығады деп болжаған. Ал батыс аймақта "бесқонақ" 13-18 сәуір аралығында болады.
"Бесқонақ" келгенде күн суытып, қыс қайта басталғандай дала борап, жаңбырлатып тіпті қар да жауады.
"Бесқонақ" күндері қазақ сапарға шықпаған, малды да алыс жерге жаймаған. Себебі бұл күндері ауа райын болжау қиын.
Қазақ сәуірде жауатын алғашқы жаңбырды жақсылыққа жорыған.
Сәуірдегі жауынға қазақтар басын тосып:
Көктемдегі жауын - сауып тұрған сауын. деп айтқан. Яғни сәуірде жауған жаңбырдың емдік қасиеті бар деп есептегін. Халық сол жаңбырға басын тосса, жыл бойы басы ауырмайды, ауыртпалықтар кетеді деген наным болған.
Баяғыда бес адам жаз шықты деп жеңіл киініп, келесі ауылға қонаққа аттанған. Жолда аяқ астынан қарлы боран соғып, күн суытып кетеді. Сол жолда келе жатқан бес қонақтың бесеуі де адасып мерт болады. Осы оқиғадан кейін бұл күндерді "бесқонақ" деп атап кеткен екен.
Қазір еліміздің басым өңірінде жауып жатқан қарлы жаңбыр, осы "бесқонақтың" келгенін білдіреді.

Ерлан АБДРАСИЛОВ.