№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оpiq.kz платформасы: Үйден шықпай ҰБТ-ға қалай дайындалуға болады?

Оpiq.kz платформасы: Үйден шықпай ҰБТ-ға қалай дайындалуға болады?

Коронавирус те, карантин де оқуға кедергі емес. Қазақстандық оқушылар соңғы тоқсанды қашықтан оқып жатқанын білесіз. Енді олардың қарым-қабілетін ұштап, дайындығын пысықтауға «Алматы кітап» баспасының opiq.kz платформасы көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы.

Сабақ үстелі және ғаламторға қосылған смартфон немесе ноутбук. Бұл – оқу бағдарламасынан қалып қоймай, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалудағы қазіргі уақыт талабы. Оқушылардың мектеп бағдарламасын тереңірек меңгеруіне opiq.kz платформасындағы электронды оқулықтардың көмегі зор. Қазір онда 75 оқулықтың сандық нұсқасы енгізілген. Элеонора Баталова, «Алматы кітап» директорлар кеңесінің төрайымы: – Бұл жай ғана оқулық емес. Бұл жерде оқушы мұғаліммен байланысып, көмек ала алады. Сондай-ақ пән мұғалімінің оқушының үй тапсырмасын тексеруіне мүмкіндігі бар. Электронды оқулықтар жобасы білім беру жүйесіне 2018 жылы енгізілген. Мұнда әр тақырып аудио, бейнематериалдармен толықтырылған. Қолға ұстап жүрген қағаз оқулықтан айырмашылығы – сандық нұсқада пәнішілік, пәнаралық байланыс бар. Оpiq.kz платформасы барлық қолданушыға қолжетімді. Өмірзақ Әбдішүкірұлы, «Алматыкітап» баспасы қазақ редакциясының бас редакторы: – Оpiq.kz платформасы қысқа мерзім ішінде пайдаланушысы 1 миллион адамға жеткен үлкен ресурсқа айналды. Жұрттың пікірі жақсы. Ата-анаға да, ұстаздарға да, оқушыларға да ұнап жатыр. Алдағы уақытта opiq.kz платформасы оқушыны өзге баспалардың да оқулықтарымен қамтамасыз етуге дайын. Мұндай цифрлық нұсқадағы жиынтық платформа оқушының кез келген уақытта, ыңғайлы әдіспен білім алуына мүмкіндік береді.

09 сәуір 2020 ж. 537 0