Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауапкершілік

Қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауапкершілік



«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында саяси қызметшілер мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бағыныстағы қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік мәселесі қарастырылған.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаевбрифингте түсіндірме берді.
«ҚР мемлекеттік қызметі туралы Заңының ережелерінде саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкаға кету тәртібін айқындайтын нақты вертикаль белгіленген. Бұл ретте қандай да бір саяси мемлекеттік қызметшінің отставкаға беруіне себеп болатын іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды тұлғалардың нақты тізбесі келтірілген», - деді Н. Талқанбаев.
  • ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ БАСШЫСЫ, яғни, бұл министрлер, агенттіктердің төрағалары, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың төрағалары - өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, жауапты хатшы, аппарат басшысы не орталық мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумақтық бөлімшесінің басшысы;
  • ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН БАСШЫЛАРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ - өзі жетекшілік ететін ведомстваның, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы;
  • ОБЛЫС, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА НЕМЕСЕ АСТАНА ӘКІМДЕРІ - өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі;
  • ОБЛЫС, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА НЕМЕСЕ АСТАНА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы;
  • АУДАН, ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА, ҚАЛАДАҒЫ АУДАН ӘКІМДЕРІ - өзінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, өзі жетекшілік ететін, жергілікті атқарушы органның басшысы, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауы отставкаға беруге негіз болып табылады.
Отставкаға кету туралы міндет 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін қылмыс жасаған қызметкерлердің басшыларына және саяси қызметкерлерге қолданылады.
Мемлекеттік саяси қызметшілер, егер олар тағайындалған күннен бастап үш ай өткеннен кейін қылмыс жасалған жағдайда отставкаға береді.
Саяси қызметшілер соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін немесе сот әлде қылмыстық қудалау органы қылмыстық істі ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3),4), 9), 10), 11) 12) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабы негізінде қысқартқан соң он күнтізбелік күн ішінде отставкаға береді.
Отставканы қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді тиісті уәкілетті тұлға қабылдайды.Лауазымды тұлға отставка туралы өтінішті бір ай ішінде қарайды.
«Басшылардың жауапкершілігін қарау кезінде көрсетілген шарттардан басқа, қол астындағыларға жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысы мен басшының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінәсі арасында байланыстың болуы да маңызды», - деді департамаент басшысы Н. Талқанбаев.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы бағынысты адамдарының сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
18 наурыз 2020 ж. 529 0