№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында жолдың сапасы бақылауға алынды

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында жолдың сапасы бақылауға алынды


Үкіметтің 2019 жылғы 19 наурызындағы № 131 Қаулысымен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМКқұрылды.
«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу деп белгілен.
Орталықтың ашық жұмыс механизмін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылған болатын.
Осыған орай, 2019 жылы «Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобасы аясындаҚазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне жылжымалы зертханамен 11-рет проблемалық учаскелерге шығып, анықталған кемшішіктер бойынша арнайы мониторингтің топтың отырыстарында қаралып, кемшіліктерді жою және жолдарды қайта жөндеу туралы берілген ұсыныстар бойынша  біршама кемшіліктер жойылған болатын.
Сондай-ақ, автомобиль жолдарының сапасын арттыру бойынша жол төсемінің жай-күйіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі ауыр салмақты үлкен жүкті тасымалдау болып табылатындығы анықталған.
Осыған орай, автомобиль жолдарында ауыр салмақты және инертті жүк тасымалдайтын автокөлік құралдарына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп 14-рет рейдттік шаралар жүргізіліп нәтижесінде 86жүк көліктеріне әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, айппұлдар салынды.
2020 жылдың 27 қаңтарда және 13 ақпандаБатыс Европа және Бастыс Қытай халықаралық дәлізінің Шымкент - Самара тас жолының қыс мезгіліндегі жай-күйіне, оны күтіп-ұстауына, сапасына  мониторинг жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының қысқы күтіп-ұстау Ұсынымдарының (ҚР Ұ 218-138-2017) талаптарына сәйкес 2-санаттағы жолдарды күтіп ұстау деңгейі, жабындыны қардан тазалау мерзімі қалыпты жағдайда 4 сағатты құрайды, 1 және 2-санаттағы жолдарында тығыздалған қар мен қысқы тайғақ болуына жол берілмейтіндігі көрсетілген.
Дегенмен Мониторинг нәтижесімен Автотұрақтар, павильондар және тротуарлар, жолдың жүру бөлігі, аталған жолдың 1768-1805 км-де екі жағынан жол жиегі қардан тазартылмағаны анықталды.
Осыған орай, "Қазақавтожол" ЖШС Қызылорда облыстық филиалына анықталған ақауларды жою туралы ұсыныс жолданып, бүгінгі күні кемшіліктер жойылды.
Сонымен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қаралатындығын айта өткім келеді.

Мақаланы дайындаған:
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
Превенция және парасаттылық басқармасының
бас маманы Жакудаев Нұғман Үсенұлы.
17 наурыз 2020 ж. 535 0