Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Шетелдік көліктерге арнайы нөмір беріледі

Шетелдік көліктерге арнайы нөмір беріледі


2021 жылдың 1 наурызына дейін шетелік автокөлік иелері кедендік баж бен утилизациялық алымды төлеуі тиіс

Ішкі істер министрлігі Армения мен Қырғызстанның нөмірімен жүрген көліктерді уақытша тіркеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, шетелдік нөмір таққан көліктер үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін кедендік және утилизациялық алымды төлемеуге рұқсат беріледі. Бірақ ондай көлікті тіркеуге қою қажет. Уақытша тіркеу 1 ақпанда басталады.

"Мәселен, Қазақстан азаматы Арменияда көлік сатып алып, техникалық төлқұжатты өз атына жазса, өз көлігін тіркеуге қоя алады. Ал кедендік және утилизациялық алымды төлеу міндеті 2021 жылдың 1 наурызына дейін шегеріледі. Ал Қазақстан азаматы көлікті Ресейден алып, сенімхатпен жүргізсе, көрші елге барып, тіркеуден шығаруы тиіс. Сөйтіп, бір реттік акцияға қатыса алады", - деді Қожаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, шетелдік көліктер арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеледі.
Қажетті құжаттар:
• жеке куәлік;
• бұрынғы немесе транзиттік тіркеу нөмірлері;
• көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
• меншік иесі туралы құжаттар;
• алғашқы тіркеу салығын төлегені туралы түбіртек;
• мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжатты жасау үшін салық төлегені туралы түбіртек.
"Осы көліктерге арнайы сериясы бар тіркеу нөмірлері беріледі. Түсі – сары. Ал техникалық төлқұжатқа тиісті мәліметтер енгізіледі. Осы құжаттың мерзімі – 2021 жылдың 1 наурызына дейін", - деп атап өтті Қожаев.

Тоқаевтың тапсырмасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуге рұқсат берді. Атап айтқанда, Армения мен Қырғызстаның нөмірімен жүрген көліктерге келесі жылдың наурызына дейін жеңілдік беріледі.
"Үкімет бір ай ішінде, біржолғы тәртіпте, 2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтары ЕАЭО елдерінен әкелген автокөліктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл автокөліктердің тіркеуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады", - деді Тоқаев.
Президент ондай автокөліктер техникалық регламент талаптарына сай болуы керектігін айтты. Сондай-ақ, азаматтар тіркеу алымдары мен мемлекеттік бажды төлеуі тиіс.
Тоқаев бас прокуратураға қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беруді тапсырды.
"2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері көлікті тұрақты тіркеуге қойып, кедендік баж бен утилизациялық алымды төлеуі тиіс. Немесе көлікті елден шығаруы керек, не болмаса, заңнамамен тыйым салынбаған әдіспен мәселесін шешуі керек", - деді президент.

27 қаңтар 2020 ж. 878 0