№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Президенттік жастар кадр резервіне алынған 300 жас қазақстандық анықталды

Президенттік жастар кадр резервіне алынған 300 жас қазақстандық анықталды


Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қорытындысын жариялады.
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кадрларды даярлау және жаңа буын үшін өзін-өзі іске асыру үшін жағдай жасау мәселелеріне әрқашан көңіл бөледі.
Ел Президенті лауазымына кірісу рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резерві жобасының міндеті Қазақстан жастарының өзінің ең үлкен арманын жүзеге асырып, жеке «жетістік тарихын» құруға мүмкіндік болып табылатынын атап өтті.
Финалға барлығы 13 мыңнан астам өтінім бергендерден 330 адам іріктелді. Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 300 үміткер Президенттік жастар кадр резервіне алынды.
Ақтық кезеңде үміткерлердің мемлекеттік қызметте, ұлттық компаниялар мен холдингтердегі жоғары лауазымдарға ұсынуға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда, тіпті аудандық деңгейге дейін лауазымға орналасуға дайындық дәрежесі, қатысушылардың жеке құзыреттерін бағалау қорытындылары бойынша адам ресурстары саласындағы сарапшылардың ұсынымдары, елдегі осы саланың қажеттілігі мен сұранысқа ие болуын ескере отырып қатысушы таңдаған бағыт, инновациялық әлеует, түрлі жетістіктер және басқалар ескерілді.
Резервшілер тізіміне жеке сектордан 102 өкіл, 98 - квазимемлекеттік сектордан  және 96 - мемлекеттік қызметші кірді.
Үміткерлердің 57%-да алдыңғы қатарлы шетелдік білімі бар, 43%-ы -қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері.
Іріктеу жеңімпаздарының орташа жасы 31 жасты құрады. Бұл ретте резервшілердің экономиканың түрлі салаларында айтарлықтай тәжірибесі бар. Олардың көпшілігі ірі шетелдік және трансұлттық компанияларда жұмыс істейді немесе жұмыс істеген.
Цифрлық технологияларды қолдану іріктеудің ашықтығы мен ұтқырлығын қамтамасыз етті, бұл жас қазақстандықтарға олардың орналасқан жеріне қарамастан қатысуға мүмкіндік берді.
Кең өңірлік ұсынымдылықты атап өткен жөн. Қатысушылар арасында еліміздің барлық өңірлерінің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің (Әзірбайжан, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Түркия және Франция) өкілдері бар.
Өткен қатысушылардың толық тізімі Pkrezerv.kz сайтында жарияланды.
Қазіргі уақытта іріктелген 300 резервші салалар бойынша сараланған.
Олардың кейбіреулері жақын арада мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін деп күтілуде.
2020 жылдың бірінші тоқсаны ішінде Агенттік әрбір резервші үшін құзыреттерді дамытудың жеке жоспарын жасайды.
Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың жауапты лауазымдарына резервшілерді тағайындау дәйекті мансаптық өсу жолымен жоспарланады. Агенттік резервшілерді одан әрі мансаптық ілгерілету мониторингін жүзеге асыратын болады.
Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың жауапты лауазымдарына резервшілерді тағайындау дәйекті мансаптық өсу жолымен жоспарланады. Агенттік резервшілерді одан әрі мансаптық ілгерілету мониторингін жүзеге асыратын болады.
Резервшілердің бір бөлігі қысқа мерзімді курстардан немесе қажетті құзыреттер мен дағдыларды арттыру үшін, оның ішінде Мемлекеттік басқару академиясының базасында ұзақ мерзімді оқудан өтеді.
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 6 кезеңнен тұрды. Бұл-құжаттарды қабылдау, қабілеттерді тестілеу, тестілеуді верификациялау, әлеуетті бағалау, Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу және                            ҚР Президенті жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы.
Кезеңдердің бірінде қатысушылар өз жобаларын қорғады. Олардың ішінде еліміз үшін пайдалы болуы мүмкін - «ақылды қаланы» дамыту, көлік инфрақұрылымы, денсаулық сақтау, білім беру, туризм, шағын бизнесті қолдау және тағы басқа мәселелер бойынша идеялар туралы әңгіме болды.
Естеріңізге сала кетейік, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталды.
Жобаның стратегиялық мақсаты – тиімді менеджерлердің жаңа толқынын қалыптастыру және еліміздің жаңа буыны үшін пәрменді әлеуметтік лифтілер жүйесін құру.
Іріктеу нәтижелері бойынша пулға жаңа формацияның басқарушылары болуға қабілетті талантты және креативті жас қазақстандықтар іріктелді.

МҚІА баспасөз қызметі
26 желтоқсан 2019 ж. 579 0