№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

№64 (8978) 25

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Оқушылар арасында «Жас құтқарушылар» сайысы өткізілді

Оқушылар арасында «Жас құтқарушылар» сайысы өткізілді

Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау Гарнизонының қызметкерелері мектеп оқушыларының арасында төтенше жағдайлардың алдын алу мен өрт қауіпсіздігін насихаттау мақсатында, Жаңақорған ауданының білім бөліміне қарасты жалпы орта мектептер жанынан құрылған «Жас құтқарушылар» командаларының арасында сайыс өткізілді.

Жас құтқарушылар сайысында командалар арасында төтенше жағдайлардың алданы алу мақсатында эстафеталық сайыстар өткізілді. Жарыстың басты мақсатын оқушылар арасында бұқаралық құтқару жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, құтқарушы тәсілдері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар өрт сөндіру автокөлігі мен алғашқы өрт сөндіру құралдары мен алғашқы өрт сөндіру құралдарының қолдану тәсілдері түсіндіріліп, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының тыныс тіршілігі жайында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды. Сайыс соңында жақсы нәтеже көрсеткен командалар арнайы құрмет грамотасымен және сыйлықтармен марапатталды.
24 қазан 2019 ж. 1 344 0