PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (8296) 8

08 қазан 2019 ж.

№77 (8295) 5

05 қазан 2019 ж.

№76 (8294) 1

01 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада күріш ақтау зауыты ашылды

Қызылордада күріш ақтау зауыты ашылды



Бүгін облыс әкімі «Абай Дәулет» серіктестігінің күріш ақтау зауытының ашылу салтанатына қатысты. Сағатына 7 тоннадан астам өнім өндіретін зауыт 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

«Абай Дәулет» серіктестігінің негізгі қызметі - күріш жармасын өңдеу мен оны сатуды ұйымдастыру. Одан әрі зауыттың жұмысын кеңейту бағытында бүгінде өз инвестициясына жаңа технологиямен жабдықталған құрал- жабдықтар орнатқан.
Жаңа зауыттың ерекшелігі – күрішті ақтаумен қатар, мал шаруашылығыда жемдік мақсатында пайдаланылатын күріш қауызын ұнтақтап, қалдықсыз өнім шығаруға бейімделген.
Мемлекеттік қолдаулардың арқасында соңғы жылдары аймақ дихандары күріштен тұрақты жоғары өнім алып, еліміздің астық қорының ұлғайуына өз үлестерін қосып келеді. Биылғы жылы облыс бойынша 88 мың гектар күріш егіліп, күтімге алынған болатын. Қазіргі таңда барлық аудандарда Сыр маржанын жинау науқаны қызу жүруде,- деді Қуанышбек Досмайылұлы.
«Абай Дәулет» серіктестігі күрішті сапалы өндеп, өнімін ішкі нарыққа да, алыс-жақын шетелге өткізуде де тәжірибесі ірі компания. Олардың өнімдері сапа менеджменті талаптарына толық сәйкес келеді. Оған дәлел бүгінде сыр салысын Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Украина және Тәжікстан елдеріне экспорттап отыр.
02 қазан 2019 ж. 58 0