№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 28 градусқа дейін ыстық: Елімізде қазан айында ауа райы қандай болады

28 градусқа дейін ыстық: Елімізде қазан айында ауа райы қандай болады


Қазақстандық синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың болжамынша,  күздің екінші айы жылы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат.

Синоптиктер мәліметінше, қазан айының алдағы аптасында жылы күзгі күндер оралады және еліміздің көптеген аймағының тұрғындарын қолайлы ауа райы қуантады. Бұл Иран аудандарынан жылы ауа массасының түсуімен байланысты болады.
Күндізгі уақыттарда еліміздің солтүстік бөлігінде ауа температурасы 15-23 градусқа дейін, оңтүстік бөлігінде 20-28 градусқа дейін көтеріледі.
«Сонымен қатар айдың басында солтүстікте, орталықта және шығыста түнде төмен температура 2-10 градусқа дейін аяз, кей жерлерде 3 градусқа дейін жылылық сақталады. Содан кейін бірінші онкүндіктің соңында Ресейдің еуропалық аумағынан суық ауа массаларының келуіне байланысты, ауа температурасының төмендеуі және алдымен батыста содан кейін республиканың қалған аумағында жауын-шашын түсуі күтіледі.
Бұл кезеңде күндіз ауа температурасы батыс және солтүстік өңірлерде 7-15 градусқа дейін, шығыста 8-18 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде 12-20 градусқа дейін төмендейді», - дейді мамандар. 
Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, айдың ішінде суық толқыны жауын-шашын, тұман, көктайғақпен жиі ауысып, жылу толқындарымен алмасатын болады. Сонымен қатар жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. 
Қазан айының орташа ауа температурасы Қазақстанның көптеген бөлігінде норма шамасында, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облысының батысында 1°С нормадан жоғары болады деп күтіледі. 
Жауын-шашын мөлшері еліміздің көптеген бөлігінде норма шамасында және нормадан көп, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде, Қостанай және Қарағанды облыстарында нормадан төмен болады деп болжанады. 
01 қазан 2019 ж. 1 252 0