№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ескерткішке де ес керек

Ескерткішке де ес керек

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданына жолыңыз түсе қалса, айналма жол өтетін доңғалақ көпір үстіне Қоқанның арбасына әспеттеп тұрып үлкен ескерткіш орнатып қойған.

Оның айналасында сол дәуірді суреттейтін қыш құмыра, тағы басқа жәдігерлер қойылған.
Осы жерде ой келеді, қазақ еліне кезінде басып кіріп, ұлдарын ұлтан етіп, қыздарын құлдыққа салған, ар-намысын таптаған жат жұрттың жәдігерін біз не үшін соншалықты дәріптеп, төбемізге қоямыз? Рухымызды таныштап, тарихты еске алғанда жүрегімізді жаныштау үшін бе? Негізінде қазақ қашан құлдық психологиядан құтылар екен?
Ескерткіш, көне мұралар бізге тарихты таразылау үшін қажет. Нақ осы Сайрам жерінде дәріптеуге тұратын қилы-қилы хикаялар аз емес.
Бәрін қойғанда шегірткемен күресті алайықшы. Заманауи технологияға қол жеткізе қоймаған өткен замандарда қылтиып өсіп тұрған астықты қынадай қиратып кеткен тажал шегірткеге қарсы қылар қауһар болмаған. Жаудай тиген жыртқыш жаратылысқа жасақ, қолмен не істей аласың? Мұндайда ақыл-айла көмекке келді. Осы Сайрамның жағасында жіңішке шұңқыр қазылып, өрттей өрген шегірткелер әлгі орға құлап, шыға алмай дымы құрыған екен.
Халық өз несібесін осылай қорғаған. Бұл өткен ғасырдың 36 жылдарынан кейін болған оқиға. Бұл тәжірибе қаншама елге тарап, көзсіз күрес жолға қойылған. Тарихты ешкім сыза алмайды. Сайрамдықтар шынайы ақиқатқа шын адал екен, неге өткеннің осы өнегесін асқақтатып, самсаған тажалды ауыздықтаған ата-баба әруағына символь ретінде салтанатты мүсін орнатпасқа.

Үмбет Әбибуллаев.
27 ақпан 2019 ж. 934 0