№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Аустралия газеттері қазақтар туралы не жазды?

Аустралия газеттері қазақтар туралы не жазды?


Зерттеу тақы­ры­бымызға байланыс­­ты мұхиттың арғы жа­ғында, АҚШ-та түрлі кітап­хана­ларды ақтарып, архивтерге барғанда елеусіз қалдыра ал­майтын сан түрлі қызықты мәлі­мет кездестірдік. Солардың бірі – сонау алыстағы Аустралия газет­теріндегі ұлтымыз туралы жазбалар. Осы орайда 1850 жылдан 1901 жылға дейін жарық көрген Аустралиядағы «The Northern Herald», «Tribune», «The Menzies Miner» газеті мен Сиднейден шығатын «Mirror» газетінде жарияланған кейбір деректерді оқырманға ұсынуды жөн көрдік.
1892 жылы 14 қарашада басылған мына бір дерек ұлтымыздың кешегі қайғылы тарихынан аздап сыр шертеді. «Қырғыз даласы. Лондон, 13 қараша. Каспий мен Арал теңізінің кең алқабына орналасқан қырғыз даласындағы жұртшылық аштыққа ұшырады» делінген газет хабарламасында.
Ал «The Menzies Miner» газетінің 1901 жылғы 13 ақпандағы санында мынадай хабарлама жарияланған. «Сібірдегі оба. Мыңдаған адам қаза тапты. Лондон, 13 ақпан.
Бубонды оба Қырғыз даласында (Қырғыздар немесе түркі-татарлар аймағы, яғни Еділ мен Ертіс өзендері, Каспий теңізі мен Арал теңізі арасындағы Батыс Сібір өңірі) кең тарады. Семей мен Орынбор арасындағы мыңдаған тұрғын осы індеттен көз жұмды. Бұл апатты бәсеңдету мақсатында Ресей үкіметі шұғыл медициналық жасақтар жіберіп, індет жайлаған аймақтарға 250 000 рубльдің астығын жөнелтті».
1915 жылы 22 маусымда «The Northern Herald» газетінде мынадай дерек беріліпті: «Киіз үйлер – қырғыз көшпелі тайпаларының тұрар жайы. Аталған үйлердің жылы, ауа райына төзімді әрі оңай тасымалданатын қасиеттеріне байланысты оларды Ресей үкіметі әскерлері үшін пайдалануға бейімдеуде. Сонымен қатар қырғыз нұсқаушылары әскерилерге бұл үйлерді қалай құрып, жинауды үйрету мақсатында арнайы шақырылды. Суретте көрсетілген киіз үйлер Ресей армиясына Торғай округінің губернаторы М.Еуразман тарапынан сыйға берілген».
«Қырғыз руларының жауынгерлері
Петроград, 17 қазан.
Қырғыз даласының (Батыс Сібірдің оңтүстік бөлігі) тайпаларынан жасақталған ірі күштер, тіпті толыққанды әскер болмағанның өзінде, қажетті дайындықтан өткен соң майданға шығуы мүмкін. Қырғыз халқының саны он екі миллионға жетеді, ал Ресей билігі осындай қайсар халықтың азаматтарын майданға алу мүмкіндігін қарастырып жатыр». Бұл ақпаратты Аустралия газеті 1915 жылы 19 қазанда жария еткен. 
13 наурыз 2025 ж. 465 0