№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » БҮГІН ҒАРЫШКЕР АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ 51 ЖАСТА

БҮГІН ҒАРЫШКЕР АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ 51 ЖАСТА

Бүгін қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов өзінің 51-ші туған күнін тойлап отыр. Айдын 1972 жылы 27 шілдеде Талдықорған облысы Талдықорған ауданының Заря Коммунизма (қазіргі Өтенай) ауылында туған.


1989 жылы Талдықорған қаласындағы №20 мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "жоюшы-ұшқыш" мамандығы бойынша аяқтады.

1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады. Жоюшы-ұшқыш. Ғарышкерлер жасағына таңдау алдында Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарды. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының кеңесшісі, агенттік департментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазиев атындағы ғарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді.

1993 жылы ғарышкерлікке алғаш рет өтініш берді. Екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында қайта берді. 2002 жылы Ресей-Қазақстан  мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті. 09.11.2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мәжілісінде Қазақстан Республикасы ғарышкерлері отрядына кіргізу туралы ұсыныс жасалды. 12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.

Айдынның анасы  Жұмағұл 67 жаста, зейнет демалысында. Айдынның екі ағасы мен әпкесі бар.

Жұбайының есімі - Лилия. Үш баласы бар: 17 жастағы ұлы  Әмір,  2 қызы - 14 жастағы Диана мен 8 жастағы Даяна.

27 шілде 2023 ж. 2 590 0