Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Құмиянның құпиясын кім ашпақ?

Құмиянның құпиясын кім ашпақ?

Құмиян қалашығы ҮІІ ғасырда өмір сүрген деген деректер бар. Қала Сырдарияның сол жақ бетінде Келінтөбе елді мекенінен батысқа қарай 15,7 шақырырымдай жерде орналасқан.

Қала үйінді болып, сыртындағы кесек қорғаны құлап, кейбір бұрыштары жартылай қалған. Жоспарында төртбұрышты болып келген қалашықтың көлемі 210 х 180 м. Жақсы сақталған оңтүстік батыс қабырғасының биіктігі 5-5,5 м, қалыңдығы 3-3,5 м. Кесек қорған үстінде төрт аттылы кісі тұратындай қалыңдықта жасалған. Қабырғаларында әр 35 м сайын мұнаралар орналасқан. Қалашықты айнала қоршаған ордың тереңдігі 1,5-2 м, ені 8 м. Ескерткіштің орталық бөлігінде көлемі 45 х 45 м болатын шаршы пішінді цитадель бар. Қорғау тақтасы бар (2009 жылы қойылды).Жергілікті маңызы бар археологиялық ескерткіш, Келінтөбе а/о әкімдігінің теңгерімінде.
27 шілде 2020 ж. 1 048 0