№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жеті ата және жеті ұрпақ атауы жайлы не білеміз?

Жеті ата және жеті ұрпақ атауы жайлы не білеміз?


Әлем халықтарының салт – дәстүрімен салыстырғанда ұлттық салтымызда ерекше атап айтатын, қасиетті дәстүріміздің артықшылығы баршылық. Жәнеде соның алғы бірінің бірегейі ата – бабамыздан қалыптасып, жалғасқан, бүгінгі медицинаның дәлелдеуінен өткен, жеті аталық ұстаным. Бұл ұстаным бізде жеті атаға толмай ағайын арасында қыз алыспайтын қыз беріспейтіндігі, бұл қазақи қағидалы ерекше бұлжымас жүйе. Ол бірден бір қазақ халқының таза ата тектің, текті ұрпақтың жалғасуын реттейтін дара әлеуетті қасиет. Ұлтымыздың ар алдында асқақ рухани құндылығын паш етіп тұрған ұлттық ерекшелік. Сондықтанда ежелден – ақ қазақ халқында өзінің жеті атасын білуі ата-ана үшін әулеттік – ұлағаттық қалыптасқан бұлжымас дәстүрі. Әрбір ата-ана баласына жастайынан жеті атасын талдап айтып, кейіндері ержете, жеті атаға толмай, жастардың үйленбеуін зердесіне сап сіңдіріп отыруы тиіс. Арғы жетінші атадан бері қарай тараған аталар өзіңе шейін бір атаның балалары болып саналады ол
1.Жеті ата,
2.Түп ата,
3.Тек ата,
4.Баба,
5.Арғы ата,
6.Ата,
7.Әке. Ал әкеден бастау алып баладан төмен қарай туғандар: ұрпақ деп саналады олар
1. Әке,
2.Бала,
3. Немере,
4.Шөбере,
5. Немене,
6. Шөпшек,
7.Туажат деп аталады.
«Бұрында ата тегін үйрету балаға 7-9 жасынан бастап ерекше көңіл бөлінген».

Материал басқа әлеуметтік желісінен алынды.
16 наурыз 2020 ж. 1 364 0