№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » АЛЬВАРЕС пен ДЖЕЙКОБОСТЫҢ ҰПАЙЫ КӨРСЕТІЛДІ

АЛЬВАРЕС пен ДЖЕЙКОБОСТЫҢ ҰПАЙЫ КӨРСЕТІЛДІ

Сонымен көптен күткен Джейкобсты жеңген Альварес арасындағы жекпе-жек те аяқталды. Бокс сүйер қауым америкалық былғары қолғап иесінің жеңісіне сенімді болмаса да, жеңгенін қалаған еді. Алайда, бәрі ойдағыдай өрбіп, жеңіс мексикалық мықтының қанжығасында кетті.
Лас-Вегаста (АҚШ) мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкобс арасында WBC, WBA және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы (72,6 кг дейін) әлем чемпионы титулдары сарапқа салынды. Көрермендер асыға күткен чемпиондар айқасы 12 раундқа созылды. Нәтижесінде, төрешілердің бірауыз шешімі бойынша 115-113, 115-113 және 116-112 есебімен жеңіс Сауль Альвареске берілді. Алайда, абсолютті әлем чемпиондығына дейін мексикалық боксшыға Деметриус Андаре иеленген WBO белбеуі жетіспейді. 
Айта кетейік, Альварес пен Джейкобстың екеуі де Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары. Қазақстандық боксшы өзінің жаңа жаттықтырушысы Джонатан Бэнкспен жекпе-жекті тамашалады.
05 мамыр 2019 ж. 590 0