№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: КӨКПАРДАН МОҢҒОЛИЯ ФИНАЛДА

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: КӨКПАРДАН МОҢҒОЛИЯ ФИНАЛДА


Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов кентінде өтіп жатқан Ұлттық ат спорты түрлерінен Жастар арасындағы І Азия чемпионатында көкпардан Моңғолия құрамасы ақтық сынға жолдама алды.

Б тобында ойнаған моңғолиялық жас спортшылардың жұлдызы жанды. Олар Қытай, Ресей және Тәжікстан құрамасынан оңай айласын асырды. Алайда, топтық кезеңде ресейлік шабандоздар оларға қарсылас атана алды. Ойынның алғашқы бөлігін 4:0 есебімен аяқтаған моңғолиялық спортшылар, 10 минут үзілістен соң есепті 5:3-ке жеткізіп, ресейлік көкпаршылардан басым түсті.
Ақтық сынға шыққан Моңғолия құрамасы 21 сәуір күні Қазақстан құрамасымен жолығады.
Байрақты бәсекенің бірінші күні А тобындағы Қазақстан мен Өзбекстан 13:2 болып, жеңіс жерлестеріміздің еншісінде кеткен еді. Сондай-ақ, Қазақстан мен ауған азаматтары арасындағы сайыс та 10:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. 
18 сәуір 2019 ж. 991 0