№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РЕСЕЙ БАПКЕРІ ҚАНДАЙ ПІКІРДЕ?

РЕСЕЙ БАПКЕРІ ҚАНДАЙ ПІКІРДЕ?

Ресей құрамасының бас бапкері тілшілірмен кездесіп, сұхбат берді. 

— Қазақстан құрамасының алғашқы ойында көрсеткен өнері мені қатты таңқалдырған жоқ. Құрамаға жаңа бапкер келген соң олар қатты ойнады. Ол түсінікті. Қазақстанның капитаны жақсы екен. Бірақ, бір адамға көп нәрсе байланысты болмайды. Сондықтан да, бұл командадан бір ойыншыны ерекшелеп айтпас едім.

— Алғашқы ойында болған жағдайға қандай көзқарастасыздар?

— Бельгиямен ойында біз жеңіске жеткіміз келді. Бірақ, жоғарғы деңгейде неше түрлі оқиғалар орын алады. Алғашқы матчты жеңілген соң, біз енді келесі ойынды ұтуымыз керек. Ал жалпы алғанда біздің мақсатымыз әр ойында жеңіске жету. Қарсыластың атақ дәрежесіне қатты мән бере бермейміз.

— Головиннің алаңнан қуылуы Сіздің командаңызға қаншалықты әсер етеді.

— Оның орнын басатын ойыншылар жетеді. Головин кішкене ашуға ерік берді. Енді ол келесі жиынға дейін біздің қатарымызда жоқ. Бірақ, оған түсіндіру жұмыстарын жүргізеріміз анық.

— Жасанды алаңның деңгейін қалай бағалайсыз?

Жасыл алаңда ойнағымыз келген, бірақ бізде басқа таңдау жоқ. Бірақ жасанды алаңды жаңа шығып қарадым. Жалпы бұл алаң аса қатты нашар емес екен. Сондықтан да, ойнап, бар күшімізді көрсетуге дайынбыз.

— Қазақстан құрамасы жайлы қандай ойдасыз?

— Ұлттар лигасында Қазақстан басқаша ойнады. Ол кезде басқа бапкер болған. Қазір, олар кішкене жинақы ойнайтын болыпты.
23 наурыз 2019 ж. 621 0