№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » "ЛЕСТЕР" ҚОЖАЙЫНЫМЕН ҚОШТАСТЫ

"ЛЕСТЕР" ҚОЖАЙЫНЫМЕН ҚОШТАСТЫ

Лестерде тікұшақ апатынан қаза болған Виший Шривадханапрабхемен қоштасу рәсімі өтті.
Кеше «Лестер» ойыншылары King Power стадионында клуб қожайынымен мәңгілікке қоштасты. Шривадханапрабхе сенбі күні «Вест Хэмге» қарсы болған матчтан кейін тікұшақ апатынан қаза тапқан болатын. 
«Лестер» қожайынынан бөлек, тікұшақта экипаждың екі мүшесі Нусар Сукнамаи мен Кавепрон Пунпар, пилот Эрик Сваффер мен пассажир Изабелла Роза Лечович болған. Тікұшақта болған адамдардың бәрі де қайтыс болды. 
«Сен мүмкін болмаған таңғажайып ертегіні шындыққа айналдырдың. Саған мың алғыс! RIP. Сені ешқашан ұмытпаймыз», – делінген мемориалдағы хаттарда.
Енді Айяватт әкесінің орнына «Лестер» ФК қожайыны болады деп күтілуде. 
Ал, "Лестерді" бұрынғы ойыншысы Рияд Марез «Тоттенхэм» мен «Ман Сити» кездесуіндегі соғылған жалғыз голды Вишай Шривадханапрабхені қазасына арнады.


31 қазан 2018 ж. 791 0