Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ҚАЙРАТ БАПКЕРІ НЕГЕ КЛУБТАН КЕТТІ?

ҚАЙРАТ БАПКЕРІ НЕГЕ КЛУБТАН КЕТТІ?

Маман алматылық клубты 2017 жылдан жаттықтырған еді. 

Алматылық "Қайрат" бас бапкер Карлос Феррерді орнынан босатты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы "Қайрат" футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді. 

"Бүгін Феррермен келісімшарт үзілді. Ол қойған міндеттерді орындай алмады. Жақсы маман, алайда, тәжірибе жетіспеген сияқты. Тілдік кедергі де өзінікін алды. Соңғы жылдары жастарды тартып келеміз. "Қайрат" дамудың жаңа векторын таңдағанына өкінбейміз", - дейді Боранбаев. 

"Қайрат" футболшыларын уақытша Андрей Карпович жаттықтырады, ал бас бапкер ретінде германиялық маман тағайындалады. 

Еске салайық, 43 жастағы испаниялық "Қайратты" 2017 жылдан бері жаттықтырады. Сол жылғы Қазақстан премьер-лигасының қорытындысы бойынша алматылық команда күміс жүлдегер болды және Қазақстан кубогын ұтқан.
15 қазан 2018 ж. 872 0