№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКЕ ТӘРБИЕСІ

ӘКЕ ТӘРБИЕСІ

Бүгін біз жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагамбетовты әкесі қалай тәрбиелегені жайлы айтпақпыз. Сонымен кеттік.
Абдулманап Хабибті тәрбиелеуде 5 қағаидат қолданған екен. 
Өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау 
Бапкер Абдулманап Нурмагомедов бала кезінен Хабибке өзінің кез келген іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды үйреткен. Хабиб жастайынан спортты жанына серік еткен. Қатарластарымен жиі-жиі көшеде де төбелескен. Бірақ өз іс-әрекетіне жауап беретін болған. МакГрегормен өткізген жекпе-жекпен кейінгі жаппай төбелесті де әкесі елеусіз қалдырмады: "Мен өзімнің санкцияларымды жариялауға мәжбүрмін. Бұл UFC санкцияларынан да қатаң болады", – деп мәлімдеген еді. "Әкем мені бәрібір жазалайды. "Егер адам бір нәрсе істесе оған міндетті түрде жауап береді",- дейді әкем. Менің ойымша, бұл өте дұрыс, басқаша болуы мүмкін де емес", – дейді Хабиб Нурмагомедов.  
Ата-анаға құрмет  
Хабиб өзінің әрбір сұхбатында әкесін қатты құрметтейтінін айтады. Әкесінің әрбір сөзі ол үшін заң екенін айтудан шаршамайды. Әкесі оны күрес үйірмесіне жетелеп алып барып, болашақ чемпионды бала кезінен тәрбиелеген екен.  "Өмірімде әкемнің рөлі өте үлкен, барлық қиын шешімдерге қатысты әкеммен ақылдасып қана келемін. Тағы да жекпе-жек өткізуім алдымен Аллаға, содан соң әкеме байланысты. Ол не десе сол болады. Ата-ананың ризашылығын, батасын алу – бұл ең негізгі дүние", – дейді Хабиб Нурмагомедов.  
Отбасы мен Отанды қорғауға дайындық 
Абдулманаптың айтуынша, ол баласының бойындағы ерекше қасиеттерді бірден байқамаған. Бірақ Хабибты өз мемлекетін қорғау үшін физикалық жағынан күшті болу керек деп есептеген. Тек мектеп бітірерде ғана ол шыныққан ұлды ғана емес, болашақта атақты спортшы болатын ұлды тәрбиелегеніне көзі жеткен екен. "Дағыстанда әрбір әке өз ұлын нағыз қорғаушы, яғни, Отан мен отбасын қорғай алатын адам етіп тәрбиелеуді қалайды", – дейді Хабибтің әкесі.
  Жеңістерді ғана емес, жеңілістерді де қабылдай алу  
Хабиб Нурмагомедовтің айтуынша, әкесі оны түрлі күрес турнирлеріне қатыстырған. Бала Хабиб бәрінде де жақсы нәтиже көрсетпеген. Көбіне жеңіліп қайтатын болған екен. Кезекті жеңіліс кезінде ол әкесінен не үшін бұлай істеп жатқанын сұрағанда, мұның бәрі болашақта саған көмегін тигізеді деген екен.  Жақында Хабиб маған былай деді: "Әке сіз сол кезде бәрін де дұрыс істегенсіз. Енді мен жеңілуді қаламаймын. Себебі, бала кезімде жеңілістерге "тойып" кеткенмін. Сол үшін де қазір әрқашан жеңіп жүрмін деді. Мен оның бала кезінде жеңіліс не екенін түсінгенін қаладым", – дейді чемпионның әкесі.  
Тәртіп пен заңға құрмет  
UFC чемпионының пікірінше, балада бос уақыт көп болмауы керек. Көшеде өткізетін балалық шақты ол дұрыс деп есептемейді. Балада белгілі бір режим болуы және ол белгілі бір заңдарға мойынсынуы керек. Балалық шақта спортзалда төккен тер оның болашағын жарқын ете алады. "Спортшылардың жастық шағы жоқ дейтін пікірлерге қосылмаймын. Олардың балалығы залда, түрлі турнирлер мен жаттығуларда өтеді", – Хабиб Нурмагомедов.

Дереккөз: Массагет.кз
12 қазан 2018 ж. 1 228 0