№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Абдулманап Нурмагомедов: Мен Хабибті UFC-ге қарағанда қатаң жазалаймын

Абдулманап Нурмагомедов: Мен Хабибті UFC-ге қарағанда қатаң жазалаймын

Хабиб Нурмагомедовтың әкесі, әрі жаттықтырушысы Абдулманап шәкіртін Конор Макгрегормен жекпе-жектен кейін жанжал шығаруына байланысты жазасыз қалдырмайтынын мәлімдеді.

Лас-Вегас қаласындағы T-Mobilе кешенінде өткен жекпе-жекте ирландиялық Конор МакГрегорды жеңген Хабиб Нурмагомедов октагонның торынан қарғып түсіп, Макгрегордың спарринг серіктесі Диллон Дэниске жұдырық ала жүргірген болатын. 

- Мен өзімнің қатаң санкциямды енгізуге мәжбүрмін. Тіпті UFC-ден де қатаңырақ жазалауым мүмкін. Себебі, октагон ішінде не істесеңде бәрі бір. Алайда, сегізбұрыштың сыртында бұған жол жоқ. Өйткені онда қарапайым халық отыр. Олардың арасында балалар, әйелдер бар. Олар толық қауіпсіз болуы керек, - деді Абдулманап ресейлік 5-ші телеарнаға берген сұқбатында.
 
Естеріңізде болса, бұл айқас дагестандықтың пайдасына шешілген болатын. Алайда, Конор Хабибпен қайта рингке шығатынын мәлім етті. 
08 қазан 2018 ж. 1 120 0