№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ОСЫ АПТАДА СПОРТ ӘЛЕМІНДЕ ҚАНДАЙ ҚЫЗЫҚТАР КҮТІП ТҰР?

ОСЫ АПТАДА СПОРТ ӘЛЕМІНДЕ ҚАНДАЙ ҚЫЗЫҚТАР КҮТІП ТҰР?

Осы апта спорт жанкүйерлеріне тамаша көңіл-күй сыйлайтыны анық. Алдымен, футболдан бастайық, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі екінші іріктеу ойындары басталады. Реал, ПСЖ, Барселона, Бавария сынды азуын айға білеген клубтардың керемет ойынын осы аптада тамашалайсыздар. Екі күнге жалғасатын доп додасының үшінші күнінде Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі командалар айқасады. Біз асыға күткен Астана өз алаңында франциялық Реннді қабылдайды. Одан бөлек апта соңында ел чемпионатының қызықты ойындарын көре аласыздар. 
Ал, әлем назары ауған спорт кеші демалыс күні өтеді. Қос мықты Хабиб Нұрмағамбетов пен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек жексенбінің таңында болады. Иә, көпшілік асыға күткен қос жауынгер арасындағы кездесу жайлы пікір ел арасында өріп жүр. Бірі Хабиб жеңеді десе, енді бірі ирналдиялықтың тәжірибесі көп дейді. Бәрін уақыт көрсетеді.
Осындай қызыққа толы аптаның әрбір спорттық додасын жіберіп алмаңыздар...
01 қазан 2018 ж. 1 128 0