№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СУ ДОБЫНАН АҒА БАПКЕР ПІКІР БІЛДІРДІ

СУ ДОБЫНАН АҒА БАПКЕР ПІКІР БІЛДІРДІ

Су добынан Қазақстан әйелдер командасының аға бапкері Марат Наурызбеков 2018 жылғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған шәкірттерінің аяқ алысына баға берді. 

Olympic.kz сайтына сұхбат берген ол Жапонияны жеңуге қандай жайттардың себеп болғанын да айтты. 

Қазақстан командасы күміс жүлде үшін таласта Жапониямен кездесіп, тартысты кездесуде 12:11 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

«Жапония – құрлықтағы ең қиын қарсыласымыз. Өте мықты команда. Олар өте ұйымшыл әрі тәртіпті. Жапондықтардың менталитетін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сондықтан, мұндай ұжымның қорғанысын бұзу оңай емес. Әрбір ойынға асқан жауапкершілікпен қарайды. Бірақ біз оларды тактикалық тұрғыдан жеңдік. Шыны керек, жеңіске жету қиынға соқты. Сегіз жылдан бері алғаш рет жеңіп тұрмыз. Сондай-ақ, мұндай ірі жарыстардан жүлде алмағанымызға да 8 жыл болыпты. Қыздарымыз бұл атаққа әбден лайық. Айтылған ескертпелердің бәрінен нәтиже көрсетіп, мінез көрсете білді. Еліміздің намысын абыроймен қорғады», - дейді Наурызбеков. 

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
22 тамыз 2018 ж. 690 0